Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан игіліктердің нәтижесін, елдегі болып жатқан игі істерді көрсетіп, халық алдында насихаттайтын мұражай ашылды.

Соның ішінде «Өлкетану» бағыты бойынша дамытушылық істер жүзеге асып келеді. Аталған «Өлкетану» бағытында Қадыр Каримов атындағы орта мектепте мектеп басшысы Салтанат Ибраеваның ұйымдастыруымен 2019 жылы мұражай ашылған-тын. «Алтын аймақ – туған өлкем» деп аталатын мұражайдың алтын қорында Қадыр атамыздың өмірі, атқарған жұмыстары мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктерін растайтын құжаттар сақталған.
Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып, әліппе ұстатқан Ыбырай Алтынсарин секілді Қадыр ата да соғыстан кейін тұралап қалған ауылға келіп, өз қолымен мектеп қабырғасын көтеріп, шәкірттерін оқытуға белсене қатысты. Ардақты тұлға осы ауылдың көтерілуіне септігін тигізіп, Ұлы Отан соғысынан кейін мектеп басшысы болып, шәкірт тәрбиелеп, жас ұрпақтың өсіп-өнуіне өз үлесін қосқан. Осы мұражайда шәкірттерімізге үнемі сабақ беріп, барлық пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етіп, ой-санасын жетілдіріп отырамыз.
Мұражайдың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, мектептің негізін қалаушы, алғашқы директоры мен ұлағатты ұстазға арналған бұрыш бар. Бұл жерде Қадыр атамыздың суреттері, соңғы жылдары салтанатты жиынға киген киімі мен төсбелгілері, марапаттау қағаздары мен бұқаралық ақпаратқа шыққан мақалалары бар. Мұражайдың тағы бір бұрышы туған өлкеміздің ардагерлеріне, мектеп ұстаздары мен директорларына арналған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Демек мұражайдың бір бұрышы Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған. Онда оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, туған жерді қастерлеуге байланысты мағлұматтармен танысуға болады.
Қадыр Каримов мектебінің тарих пәні мұғалімі және мектеп кітапханашысы ретінде сабақ өткізген сайын оқушылармен мұражайға барып, атамыздың өмірі мен шығармашылығына көз жүгіртеміз, сондай-ақ мұражайда қойылған халқымыздың салт-санасына сай тұрмыста қолданған заттары, соғысқа қатысқан ардагерлерлердің ерліктерімен таныстырамыз. Бір байқағанымыз: оқушылар мұражайға келгенде қызығушылық танытып, белсенділік көрсетеді. Болашақта да осы мұражайдың дамуына үлесімізді қосып, Қадыр атамызды дәріптеуге шәкірттермен бірігіп жұмыс істеп, әлде де талай маңызды оқиғалардың сырын ашамыз. Себебі тағылымы мол Қадыр атамыз «өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артынан із қалдырған» алып тұлға деуге тұрарлық.
Молдир ШАКЕРОВА,
Қ.Кәрімов атындағы ЖББМ
тарих пәнінің мұғалімі,
Айгүл УМИРТАЕВА,
мектеп кітапханашысы,
Қостанай ауданы,
Алтын дала ауылы
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.