Балаларға туған өлкесінің тарихы, мәдениеті, сонымен қоса ұлтымыздың ерекшеліктері туралы білу өте маңызды. Ол баланың бойында еліне деген ізгі сезімдерін және өз тарихы мен мәдениетіне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы мақсатта «Жұпар» балабақшасының тәрбиеленушілерінің өз туған жерінің тарихымен, салт-дәстүрлерімен қатар әдет-ғұрыптарымен танысуын біздің Амангелді ауданындағы мұражайға саяхатқа барудан бастадық. Сол себепті көп күттірмей балаларды мұражайға апаруға шешім қабылдадық. Әрине, ең алдымен, балалармен алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оларға музей деген не, онда не көре алады, онда өздерін қалай ұстау керектігі (бір-бірін итермеу, экспонаттарды қозғамау, айқайламау) туралы айтып өттік. Бұл – қоғамдық жерде өзін ұстай білу мәнері мен тәртібіне негізделген қызмет болды.
Артынша мұражай тақырыбы бойынша суреттерді қарастырдық, балалар адамдардың музейде қалай жүретінін көрді. Бірақ шын музейде болуды сезіну олар үшін үлкен қызығушылық тудырды. Кейін мұражайға экскурсия жасайтынымызды айтқанда, балалардың қуанышында шек болмады. Сол кезден бастап олар музейге барар күнді тағатсыздана күтті. Ойын ойнайтын, қызықты уақыт өткізетін орындармен қатар балаларды пайдалы ақпарат алатын орындар мен мәдениет ошақтарына жиі апарып отыру қажет. Бұл баланың мәдениетті тұлға болып өсуіне септігін тигізері хақ.
Мысалы, мұражайға жасалған үлкен және әсерлі саяхат – шығармашылық өнермен және біздің уақытқа дейінгі кезең адамдарының мәдениетімен танысу мүмкіндігі. Бұның бәрі баланың ойлау қабілетін кеңейтеді, өзінің кіші Отанына деген махаббатын оятады. Ауданымыздың мұражайында қазақ халқының ертедегі тұрмыс-салтына негізделген бұйымдар бар. Олардың қатарында суреттен емес, өз көзімен көріп, балаларға ерекше әсер сыйлаған дүниелер: киіз үй, көне заманда қолданған ыдыстар, көшпелі өмір салтын кешкен апаларымыздың таққан әшекей бұйымдары мен киімдері болды.
Жалпы мұндағы экспозиялардан қазақ халқының өткен тарихын ғана емес, сонымен қатар қазіргі өмірін де көруге болады. Одан бөлек, мұражай фонында қолмен ұстап, көруге болатын: фотосуреттер, алуан түрлі тақырыпты қамтыған кітаптар, қару-жарақтар, киімдер, ыдыстар, әшекейлер жиналған. Мұражайға саяхат аясында балалар музей қызметкерінің айтқан әңгімелері мен түсіндірме сөздерін қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті. Ерекше сапардан мол мағлұмат алған балалар мұражайға тағы да келгісі келетіндерін айтты.
Рауан ТУЛЕГЕНОВА,
«Жұпар» б/б тәрбиешісі,
Амангелді ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.