Күздің керемет екі күні Рудный қаласының №1 орта мектебі, Д.Карбышев атындағы №14 ОМ және Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін Қостанайдың ерекше жерлерінің бірі – Науырзым қорығына сапармен есте қалды.
Аружан ИБРАЕВА, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 10 «А» сынып оқушысы:
– Наурызым қорығына 2 күндік саяхат «Jas Samruk» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылды. Әрине, бұл саяхат сыныбымыздың оқушылары үшін үлкен мүмкіндік болды. Саяхатқа шықпас бұрын, бірнеше күн сынып жетекшіміз Гүлнаш Дәлдембаевадан қорық жайлы көп мағлұмат алып, саяхатқа қатты дайындалдық Сөйтіп «Науырзым қорығы қайдасың?» деп жолға шықтық. Жолдағы елді мекендер мен жол бойының бай табиғаты, шұрайлы жерлері, нулы орманы, мөлдір өзен-сулары – адам көзі қызығарлықтай.
Науырзым қорығы 1931 жылы құрылған. Ол ЮНЕСКО, яғни адамзат мұрасы болып табылады. Мұнда өсімдіктің 687 түрі кездеседі екен, ал оның 12 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Жалпы Науырзым қорығы Қостанай облысының Науырзым ауданында орналасқан, табиғаттың ерекше керемет жері, ол – Қарағайлы Науырзым, Қарағайлы Тірсек және Қарағайлы Сыпсың деген үш экологиялық жүйеге бөлінген. Қорық фаунасы 355 аң-құстан тұратын болса, соның ішінде аңның 45 түрі, құстың 294 түрі, жорғалаушылар мен қосмекенділердің 3 және балықтардың 10 түрі бар екен. Ал омыртқасыздардың 1500-ге жуық түрі мекен етеді. Қорықтағы құстардың 44 түрі «Қызыл кітапқа» да енгізілген. Осылайша қорық аумағын аралауға кірістік.
Табиғатының әсемдігі мен ауасының кереметтігіне тоқталып өтпеске болмас. Еліміздің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ екенін осы саяхатта қатты сезіндік. Осындай саяхатты ұйымдастырған «Jas Samruk» жастар ҚБ басшысы Амангелді Курсамбековке, қалалық оқу бөлімінің әкімшілігіне, мектебіміздің директоры Қымбат Бірмановаға, сынып жетекшімізге алғысымыз зор. Бұндай саяхаттар ел мен жердің басты құндылық екенін түсініп, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде мәні зор деп білемін.
Айкен КУЛМУРАТОВА, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 10 «А» сынып оқушысы:
– Табиғат – айналадағы барлық тіршілік иесінің алтын ұясы екендігіне осы саяхатымда көз жеткізгендеймін. Сол табиғаттың әсемдігін ғажаптығын көре алатын, әдемілігімен сүйсіне алатын адам баласы қандай бақытты десеңші?! Міне, дәл осындай сезімді Науырзым қорығына кірген уақытта сездім десем, артық айтпаған болар едім. Осы саяхатымда туған өлкемдегі табиғи қорық туралы оқығанымды көзбен тамашалап, тарихына көз жүгірттім.
Бұл табиғи ортаның климатын континенттік климатқа жатқызуға болады. Яғни, табиғаты көптеген тіршілік иелеріне ыңғайлы, жазы – ыстық, қысы – суық. Табиғатының сұлулығынан бөлек, мұнда көптеген тіршілік иелері мекендейді, тіпті, олардың көп бөлігінің «Қызыл кітапқа» енгенін де айта кеткен жөн. Ал көптеген құстар мекен ететіндіктен, бұл қорықты – құс мекені деуге болады. Олардың қатарында бүркіт, аққу, аққұтан және басқалары бар. Бұл ақпараттарды «Табиғат мұражайының» қызметкерлерінің айтқан деректерінен білдік. Бұл сапар санамда табиғаттың әсем көріністерін ұмытылмастай қалдырды. «Jas Samruk» қоғамының ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін.
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.