Оқушылардың алғашқы көкпары

Выпуск - №24(572)   :   23.06.2023
674

Н.Мейірманов атындағы ЖББ мектебінде мектеп оқушылары арасында аудандық көкпар жарысы өтті. Екі жүзден астам қазақ ойындарының ішіндегі кей өңірлерде кенжелеп қалған ұлттық ойын жасөспірімдер арасында алғаш рет ұйымдастырылды.

Ойын басталмас бұрын Амангелді аудандық білім бөлімінің басшысы М.Дихамбаев көкпаршы жастарға сәттілік тілеп, Есір ауылының ақсақалы Сағынтаев Жұмабай бата берді. Көкпар Амангелді мен Есір ауылының екі арасындағы алаңқайда өтті. Ат спортын дамыту, ұлттық ойын түрлерін мектеп оқушыларына насихаттау мақсатында өткен көкпарға 15 шабандоз қатысты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Қазанат» жобасы аясында өткен ұлттық ойында мектеп оқушыларын бір топ кәнігі көкпаршылар да қолдап келді. Ересектер арасында аудандық, аймақтық деңгейде көкпар ойынын ұйымдастырып, аталған спорт түрін жаңғыртуға үлес қосып жүрген Бағдат Оразұлы қатысушыларға ойын барысын, ойналу ерекшеліктерін айтып өтті. Ойын 10 салым бойынша өткізілді. Көкпар үшін арнайы серке сойылып, ортаға тасталды. Ұлттық ойын барысында Әділет Файзолла, Азамат Қабдрахман, Нұрсұлтан Шөптібай үздік салымшы ретінде көзге түсті.

Көкпар – қазақ халқының қанына сіңген қасиеті, дәстүрлі ұлттық ойыны. Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат құлағындай ойнау шеберліктерін арттыратын ойын аттың қалай бапталып, үйретілгенін, жүйріктігін де бағамдайтын спорт түрі. Тартысты сайыс нәтижесінде «Үздік көкпаршы» аталымында Амангелді ЖББ мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Қабдрахман ие болса, «Үздік ат» иесі аталымында Сұлтан қасқа сәйгүлігінің иесі Рамазан Сүндетұлы марапатталды. Іс-шара қорытындысында халқымыздан мирас болып келе жатқан көкпар ойынын дамытуға үлес қосқан біқатар көкпаршылар мен демеушілерге Білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталды.


Мақпал МҰХАМБЕТОВА,
Амангелді аудандық
білім бөлімінің әдіскері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.