Туған жердің тарихи-мәдени жерлерімен таныстыру мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Өлкетану», «Эдельвейс», «Қалалық штаб» үйірмелері мен «Тұмар» би тобының тәрбиеленушілері арнайы экскурсияға шықты.
Экскурсиямыздың алғашқы аялдамасында Амангелді Иманов атындағы мұражайға тоқтадық. Аталмыш мұражайдың негізгі мақсаты – халық батыры, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі Амангелді Үдербайұлы Имановтың өмірі мен ерлік жолын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихын, Амангелді ауданының өткені мен мәдениетін халыққа таныту. Мұнда батырдың қару-жарақтары, киімдері, тарихи құжаттары мен суреттері сақталған. Экспозиция залында балалар сол кездегі сарбаздардың қолданған құралдары мен тұрмыстық заттарын тамашалады.
Ал келесі аялдамамыз – жаңа салынған «Тәж Торғай» туристік кешені. Бұл жер – демалып, табиғатты тамашалауға таптырмас орын. Мұнда бізді туристік саяхат бойынша арнайы маман күтіп алып, барлық тарихи-мәдени ескерткіштермен жіті таныстырып шықты. Оқушылар сол жерде орналасқан арнайы қазақтың киіз үйінде ерекше сезімге бөлене отырып түскі астарын ішті. Экскурсия барысында біз тарихпен танысып қана қоймай, табиғатпен де қауышамыз. Амангелді Иманов музейі – ерлікті дәріптесе, «Тәж Торғай» туристік кешені – қонақжайлылық пен ұлттық дәстүрлерді насихаттайды.
Қазақ халқының сан ғасырлық шежіресін бойына сіңірген қасиетті өлке өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани тәрбие берді. Саяхат аясында оқушылар табиғатты тамашалап қана қоймай, тарихи орындардан аңыз-әңгімелерді тыңдап, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Мұндай өлкетану шаралары – жас ұрпаққа тарихты таныту, елін-жерін құрметтеуге баулудың ең тиімді жолы.
Арайлым РАХМЕТОВА,
«Жас Ұлан» БЖО
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.