Өлкеміздің рухани жерлеріне шолу

Выпуск - №3(551)   :   24.01.2023
659

Қостанай қаласындағы «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері шағын аудан оқырмандарымен бірлесе отырып, «Біздің өлкеміздің рухани жерлері» атты әңгіме өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Қазақстанның рухани жерлері», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасының аясында ұйымдастырылған әңгіме барысында кітапханашы Қазақстанның киелі картасына Қостанай облысынан республикалық маңызы бар 10 нысан және өңірлік маңызы бар қасиетті орындарды атап өтті.

Олар: Кейкі батыр кесенесі, Амангелді Имановтың жерленген жері, Жауке батыр кесенесі, Міржақып Дулатовтың, Барақ батырдың, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мен Ұлы дала ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің кесенелері және т.б. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, Қостанай облысының киелі жерлері бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырылды. Артынша кітапханашы кітаптар және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар ұсынылған «Туған жер» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады.


Мөлдір БАЖИРОВА,
«Станционный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.