Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде Ресейдің Челябі облысына қарасты Троицк өлкетану музейімен бірлестікте «Троицктегі қазақ зиялылары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Троицк қаласынан арнайы келген қадірменді қонақтар құнды мәліметтерімен бөлісіп, екіжақты ынтымақтастықтың баянды болуына тілектестігін білдірді. Алқалы жиынның шымылдығын Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның жанынан құрылған «Ақ желкен» фольклорлық-этнографиялық ансамблі ашты. Аспаптардың үндесуінен туған кереметтей туындылар жиналғандардың құлақ құрышын қандырып, жанына ләззат сыйлады.
Жиынның жалғасында кеш жүргізушілері Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің қызметкерлері Айымгүл Омарканова мен Роза Шалапова алыстан ат терлетіп келген қонақтармен таныстырып өтті. Іс-шараға Челябі облыстық «Жақсылық» қазақ ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Үміт Байдулетова, Троицк өлкетану музейінің директоры Екатерина Подгайко, аталмыш музей экскурсоводы Венера Шакенова, Троицк қаласындағы «Арман» қазақ мәдени орталығының жетекшісі Ғалия Серсембаева, Троицк ауданының «Мұрагер» қазақ мәдени орталығының жетекшісі Аман Беркимбаев және Мадина Беркимбаева, Облыстық Достық үйінің жанындағы «Жақсылық» ұлттық-мәдени орталығының демеушісі Ирина Герфанова арнайы қатысты.
– Бүгін осы ортада болғаныма өте қуаныштымын. Әкем осы Қостанай облысының тумасы болса да, бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Сөзсіз, бұл кездесудің біз үшін маңызы зор. Жақында тағылымды іс-шара аясында Қостанайлық әріптестерімізді Троицкте қабылдаған едік. Жалпы екі жақты дәл осы оқу-ағарту саласының жалғап жатқаны қуантады. Білім беру ісінің, жалпы педагогиканың адам өміріндегі маңызы өлшеусіз екеніне ешкім шүбә келтірмес, – деп атап өтті Троицк өлкетану музейінің директоры Екатерина Геннадьевна.
Біздің жерлесіміз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин Троицк қаласының тарихымен тығыз байланысты. Жұмыс сапарымен сол жақта жиі болған деседі. Троицк қаласының көрнекті қайраткерлерімен, соның ішінде Зейнулла Расулевпен таныс болды. Ал 1886 жылы Ы.Алтынсарин Расулия медресесінде оқу ғимараты мен жатақхана салуға ақша бөлгені тарихтан белгілі. Дөңгелек үстел барысында екі жақтан да тұшымды ойлар, тың деректер айтылып, ынтымақтастықтың маңызына аса мән берілді.
Жамал ШАУКЕН
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.