Өтей батырдың портреті музей қорына табысталды

Выпуск - №48(596)   :   23.12.2023
1122

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына XVIII ғасырда өмір сүрген Өтей батырдың кескіндемелік портреті табысталды. Музейдің бейнелеу өнері бөлімінде өткен сәні мен салтанаты жарасқан шараға батырдың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

1714 жылы Торғайда, Тобыл бойында дүниеге келген Өтей батыр – Қазақстан тарихында ойып тұрып орын алар алып тұлғалардың бірі. Еділ бойы қалмақтары қазаққа шабуыл жасап, Ойыл өзеніне дейінгі жерді алғанда, Орта жүзден Кіші жүзге келген әскер қолын осы Өтей батыр басқарған. Оны көмекке қолбасшы Шақшақ Жәнібек аттандырған. Кіші жүздің Қызылқоға жерінде үлкен соғысқа қатысып, не бары 35 жасында қаза тапқан. Ұрпақтары ақылдаса келе, батыр бабамыздың суретін салғызу ісін ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, танымал мүсінші Сапарбек Ұзақовқа сеніп тапсырған.

– Тоғыз портрет салынды. Олар Астана қаласындағы ҚР ұлттық музейіне, ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына, біздің Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Алматыдағы ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайына, Арқалық, Амангелді, Торғайдың Қызбел мұражайларының қорына табысталмақ. Және тағы екі портретті Атырау облыстық музейіне береміз, – дейді батыр ұрпағы Марат Якупов.

Портреттің ұзындығы – 1 метр болса, ені 80 сантиметр. Кескіндемелік портрет авторлық құқықпен бекітілген. Патент Өтей батыр ұрпақтарының атында. Портреттің авторы Сапарбек Ұзақұлының айтуынша, батырдың бейнесін шығару оңай болмаған. Қазақ шежіресінің ауызша деректерімен қатар Зиябек Қабылдиновтың басшылығындағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Қазақстан тарихы. Энциклопедия» атты осыдан екі жыл бұрын жарыққа шыққан 3 томдығындағы деректер де негізге алынған.

– Энциклопедияның әр томына екі мыңдай мақала енгізілген. Еліміздің тарихында өзіндік із қалдырған тұлғалардың ғұмырнамасы жазылған мақалаларға басымдық берілген. Біздің Өтей бабамыз туралы дерек үшінші томындағы 216-бетте келтірілген. Сондықтан оны портреттің паспорты десек болады, – дейді Марат Якупов.

Өтей батырдың жерленген жерін 2007 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында экономика ғ.д., академик Кәрбоз Жапаровтың басшылығымен бірер азаматтар тауып, зерттеген. Елге оралған соң, арнайы комитет құрылып, ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілген. Соның нәтижесінде арнайы делегация Атырау облысына барып, Өтей батырдың басына Тараздың қызыл гранитетінен үлкен ескерткіш орнатқан.

Тағылымды шара барысында ақын Серікбай Оспанұлы, философия ғ.д., профессор Қалқаман Жақып, профессор Алмасбек Әбсадық, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов сөз сөйлеп, игілікті істің маңызына тоқталды.

– Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарында. Осы кең даламыздың тұтастығын сақтап қалу жолында батырларымыздың сіңірген еңбегі зор. Ұрпақтары ретінде, олардың ерлік істерін насихаттап отыруымыз қажет. Бұл еліміздің тұтастығы мен бірлігі үшін қажет мәселе. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді ғой. Сондықтан да бұл – өте құптарлық іс деп ойлаймын, – деп түйіндеді сөзін Алмасбек Ахметұлы.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.