Республикалық слёттің облыстың кезеңі

Выпуск - №17(565)   :   05.05.2023
859

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қабырғасында «Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слётінің облыстық кезеңі өтті.

Жастардың бойында азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру арқылы саламатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы іс-шараны өткізу осымен бірнеше жыл қатарынан дәстүрге айналып келеді. Слётке өңіріміздің түкпір-түкпірінен жалынды жастар қатысып, бақтарын сынады. Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына құрметпен қарап, тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытқан білім алушыларды анықтау мақсатында арнайы қазылар алқасы бекітіліп, сайыста төрелік етті.

Туризм – спорт, денсаулық, демалыс номинациясының жеңімпаздары

Олар: А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-ге қарасты Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану пәндер кафедрасының меңгерушісі Гаухар Баубекова, Л.Н. Толстой атындағы әмбебап-ғылыми кітапхананың өлкетану әдебиеті бөлімінің ақпараттық-әдеби сектор меңгерушісі Алексей Олексюк және Қостанай облысының Өңірлік дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризм орталығының туризм бөлімінің әдіскері Олжас Оразалин. Өңірлік дене шынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризм орталығы директорының орынбасары Аян Абдуллин бізбен әңгімесінде слёттің өлкетану ісінде таптырмас құрал екенін атап өтті.

– «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық слётіне туристік экспедициялық жасақтарының өңірлік кезеңдерінен, яғни мектеп, аудан, қаладан облыстық кезеңге өткен 18 оқушы қатысты. Әділ қазылар алқасы слёттің ережесінде бекітілген талаптарға сай қатысушыларға әділ бағасын бере жатар. Дегенмен келген топтардың дайындығы жаман емес. Әрқайсысы өзінің Кіші Отанын барынша жан-жақты қырларынан таныстыруға тырысып бақты. Бұндай іс-шаралар жастардың отансүйгіштік, еліне деген құрмет сезімін арттыруға септігін тигізеді, – дейді Аян Айдарұлы.

Осылайша өлкетану бағытындағы слёттің нәтижесінде «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» номинациясында 1-орынға Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Луиза Динасилова ие болды. Ал 2-орынды Арқалық қаласындағы Фурманов ЖББ мектебінің 11-сынып оқушысы Қуаныш Мырзагелді және Ұзынкөл ауданындағы Пресногорьков ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Алина Максимюк теңдей бөлісті.

Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет номинациясының жеңімпаздары

Келесі «Туризм – спорт, денсаулық, демалыс» номинациясында 1-орынға Ұзынкөл ауданындағы Троебратский ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Зейнеп Аккужина лайық деп танылды. Осы аталымда 2-орынды Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының шәкірті, 6-сынып оқушысы Жанерке Жагипарова иеленді. Ал Алтынсарин ауданындағы Докучаев ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Эвелина Коньшина және Меңдіқара ауданындағы А.Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Матвей Ганжа 3-орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар республикалық слётке жолдама алды.


Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.