Туған жерге деген сүйіспеншілік тарихты тереңнен танып-білуден басталады. Рудный құрылыс және көлік колледжінің білім алушылары тарихқа көз жүгірту үшін қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.

Рудный қаласының тарихы 1889 жылдан бастау алады. Себебі, бұл жылы орыс геологы А.А. Краснопольский Аят өзені бойынан қоңыр теміртас шығымын тапқан, ал 1946 жылы Ю.М. Поволоцкий, М.Р. Узбеков және Д.Д. Топорков басқарған Аят геологиялық-барлау экспедициясы жіберіледі. 1949 жылғы ақпанның 12-сінде М.Г. Сургутанов Сарыбай шатқалының үстінен ұшып өтіп бара жатып, темір рудалы кен орнын тапқан. Сол жылдың маусым айында геофизик Носиковтың отряды Соколов, Қашар, Ломоносов және тағы да басқа кен орындарын ашты.
Мұражай қызметкерлері білім алушыларға қаланың тарихы ең бірінші құрылған 70 палаткадан басталатынын, қаланың атауын қою да бастапқыда қиын болғанын айтып өтті. Рудный қаласына сол кезде «Рудногорск» атауы берілмек болғанын бірі білсе, бірі білмес. Алғашқы көшенің бірі – қазіргі Ленин көшесі бұрын «Солнечная» көшесі болған екен. Бұл көшенің бойымен жастар үнемі жүреді, ондағы ескі ғимараттар да жақсы таныс. Дегенмен оның тарихынан хабарсыз. Мәселен, Марите көшесінен өткенмен, Маритенің кім екенін білмейді. Қаланың ортасында тұрған «Энтуазистерге» арналған ескерткіштің алдында суреттерге түседі, бірақ олардың кім екенін білмейді.
Бүгінде мұражай – ғасырлық дәстүрлерді сақтап, жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, өз қаласы мен елінің тағдырына жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін ғылыми-зерттеу және мәдени-демалыс мекемесі. Туған қаламыздың тарихы – біздің тарих. Тереңге үңіліп қарасақ, әр көше, ғимарат тарихтан сыр шертіп тұрады. Жоғарыда аталған олқылықтардың орнын толтыру үшін тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері жастарға қала тарихынан бірталай деректерді келтіріп өтті. Алдағы уақыта жастарымыз белгілі бір нысандарды көргенде, оның тарихы да санасында сайрап тұрары хақ.
Инеш САҚТАҒАНОВА,
Рудный құрылыс және
көлік колледжінің
оқытушысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.