Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Тарихтың көмескі беттерін кім ашады?

Выпуск - №37(733)   :   24.09.2026
674

Өткенді терең тану үшін ауызша деректермен ғана шектелмей, жазбаша мұраларға жүйелі түрде ден қою қажет. Осы мәселе Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Өлке тарихының өзекті мәселелері» атты музей оқуларында кеңінен сөз болды.

Тарихтың көмескі беттерін кім ашады (1)

Іс-шара Қостанай облысының 90 жылдық тарихымен сабақтастырылып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттаудың өзекті бағыттары сөз етілді. Жиынға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы, белгілі тарихшы-ғалым Аманжол Күзембайұлы, тарих магистрі Гүлдана Тастекова және студенттер қатысты.
Талқылаудағы басты мәселелердің бірі – отандық тарих ғылымындағы жазбаша деректердің маңызы. Академик Аманжол Күзембайұлының пікірінше, тарихты зерттеуде ауызша айтылған мәліметтерге ғана сүйену жеткіліксіз. Ғалым нақты жазбаша деректерді іздеу, оқу және ғылыми айналымға енгізу қажет екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда отандық тарих ғылымын дамытудың ең басты шарты – үстірт сөзден арылып, нақты жазбаша деректерді зерттеу. Өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін біреудің айтқанына ғана арқа сүйеп келеміз», – деді Аманжол Күзембайұлы.

Тарихтың көмескі беттерін кім ашады (2)

Ғалымның айтуынша, академиялық қорларда әлі толық зерттелмеген көлемді қолжазбалар бар. Олардың қатарында 40 томдық зерттелмеген қолжазбалар, шетел архивтерінде сақталған араб қарпімен жазылған құжаттар кездеседі. Тобольскідегі архивтерде қазақ даласының тарихына қатысты әлі оқылмаған, зерттеушісін күтіп жатқан құжаттар жетерлік. Мұндай материалдардың толық зерттелуі Қазақстан тарихының жекелеген кезеңдеріне қатысты қалыптасқан түсініктерді нақтылай түсуі мүмкін. Оларды ғылыми айналымға енгізудің алдында тұрған мәселе де аз емес. Ескі жазбаларды түпнұсқадан оқып, аударып, тарихи контекстін түсіндіре алатын мамандардың жоқтығы қолға тұсау болып отыр.

Тарихтың көмескі беттерін кім ашады (3)

Жиын барысында Қостанай өңірінің тарихын зерттеу мәселесі де кеңінен сөз болды. Өлке тарихын тек кейінгі кезеңдермен байланыстыру – оның тарихи ауқымын шектейді. Бұл пікірді музей оқуларына қатысқан А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің 1-курс студенті Айнар Тавылды тілге тиек етті. «Іс-шараның басты құндылығы – өңіріміздің шежіресін тек соңғы бір-бір жарым ғасырмен шектемей, әлдеқайда тереңнен бастау алуымен қарастырсақ болады. Көпшілік біздің Қостанайды кезінде Николаевск бекінісі ретінде білгенімен, өлке Торғай аталған дәуірде-ақ, тіпті Алтын Орда мен Андронов мәдениеті кезеңдерінде де үлкен тарихи маңызға ие болған», – деді ол.

Тарихтың көмескі беттерін кім ашады (4)

Музей оқулары барысында тарихи мұраны зерттеумен қоса оны қоғамға жеткізудің заманауи тәсілдері де сөз болды. Архив материалдарын пайдалану, материалдық мәдени мұраны зерделеу, музей тарихын зерттеу және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану мәселелері де қозғалды. Әрине, өлке тарихын зерттеу – тарихшылардың ғана міндеті емес. Бұл бағытта музей, архив, жоғары оқу орындары мен жас зерттеушілердің бірлескен жұмысы қажет. Өйткені бүгін оқылған бір құжат ертеңгі тұтас тарихи кезең туралы түсінігімізді толықтыра алуы ғажап емес.

Нұрай НҰРБОЛАТҚЫЗЫ

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.