Тарихы терең – Түркістан!

Выпуск - №20(467)   :   21.05.2021
771

Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен мұғалімдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласына барып келді.

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл, ең алдымен, Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи жерленген өңірден басталған саяхатымыздың мақсаты – балалардың бойына рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру.



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Қазақстанның киелі жерлері» картасын түзу аса маңызды шара. Еліміздің киелі жерлері картасында Отырардың алатын орны ерекше. Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке. Оқушылар Талай тартысқа куә болған Отырар жайлы мектеп қабырғасынан алған білімдерін сол жерде қосымша мәліметтермен толықтырды. 



Киелі жерлерді аралау саяхатымызды Арыстан баб кесенесінен бастадық. Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Ары қарай сапарымыз Түркістан жерінде жалғасты. Атақты Әмір Темірдің пәрменімен салынған Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі мен басқа да жүздеген қазақ бабаларымыз жерленген кесенелерінде болдық. Киелі орындарда балаларға тарихи-танымдық ақпараттар берілді. Оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың бұдан өзге де қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысу арқылы үлкен әсер алғанын да жасырмады.


– Сапарымыз дәл осындай мағыналы да мәнді болады деп ойламадым. Тарихтың қаншама жылдарына куә болған көне қалаларда болып, мектеп қабырғасында оқып білген дүниелерді өз көзімізбен көргеніме қуаныштымын. Осы сапарға дейін Түркістан дегенде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ғана есіме түсетін. Ал бүгін мұражайларға, әр түрлі кесенелерге барып, көзбен көріп, ерекше сезімде болып отырмын, – дейді саяхатта болған оқушылардың бірі Мансұр Жамбыл.

«Мың рет естігенше, бір рет көр» дейді емес пе. Кітаптар мен газет-журналдардан, бейнематериал арқылы көрген бір бөлек те, сол жердің атмосферасына сүңгіп, тарихи орындар орналасқан жерді өзің аралағанның жөні тіптен бөлек. Тағылымға толы сапардан көргеніміз де, білгеніміз де көп болды.


Лаура ИСМАГУЛОВА,
О.Қозыбаев атындағы
Қаратал ЖББМ аға тәлімгері,
Меңдіқара ауданы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.