Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мен №4 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылындағы мұражайларды аралап, саяхаттап қайтты.
Қандай мекенге бармасын, қонақтардың соқпай кетпейтін орындарының бірі – сол өңірдегі мұражай. Неге десеңіз, елді-мекеннің өткені мен бүгіні жайлы сыр шертетін аталмыш орда арқылы сол жерді толық танып-білесің. Әрине, бәрінен бұрын әрбір адамның басты парызы – Кіші Отаныңның тарихын терең білу. Өзің мекен етіп жатқан өлкенің құрылу кезеңі, берілген атауының мағынасы, тіпті ауа-райы мен жер бедері, қазба байлығы туралы мәліметтермен кім-кімде жас кезінен таныс болуы керек. Бұл мақсатты көздеген саяхатқа мектебіміздің 8-9 сыныбында оқитын 15 оқушы қатысты. Саяхаттың танымдық-тағылымдық жағы мол болғанын айта кеткен жөн.
Торғай ауылында мұражайлар керуені қалыптасқан. Олар сыртқы құрылымы ғана емес, жиналған деректерінің құндылығы жағынан бірінен-бірі өтеді. Республика көлеміне танымал Торғай ауылындағы 5 мұражай қатары әлі де толыға түсуде. Сапарымыз аясында кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы – Әліби Жанкелдин, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы – Ыбырай Алтынсарин, қазақ ақыны, қоғам қайраткері, ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы мен аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жалынды көсемсөз шебері – Міржақып Дулатұлы және қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрестің қаҺарманы – Шақшақ Жәнібек батырларға арналған тарихи-мемориалдық мұражайларды араладық.
Аты әлемге мәшһүр тұлғалардың өмір жолдары, тарихта қалдырған өшпес іс-әрекеттері, маңыздылығы мол мұраларымен, сондай-ақ ел, жер тарихымен кеңінен таныс болдық. Мұражай қызметкері Меруерт Жақсылықова өзі бас болып, жәдігерлермен таныстырып, тарихи оқиғаларды түсіндіріп, қызықты әңгімелеп берді. Қазақтың маңдайына біткен танымал тұлғалармен танысуды Ы.Алтынсарин мұражайынан бастадық. Оның басты ерекшелігі және құндылығы – мұражайдың 1864 жылы ұлы ағартушының өзі алғаш шәкірттерді қабылдап партаға отырғызған, есігін айқара ашқан мектебінде орналасқандығы. Бұл тарихи шындық бізге үлкен әсер қалдырды.
Артынша халық ақыны, «Торғайдың топжарғаны» атанған дүлділі Нұрхан Ахметбековке арналған мұражайда да болып қайттық. Онда ақынның өмір жолы, марапаттары, куәліктері, жүлделерімен қатар шығармашылығымен таныстық. Қайтар жолда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бірден-бір қолдаушысы, қарапайым қазақтың қорғаушысы болған Кейкі батыр Көкембайұлының құрметіне арнайы көтерілген кесенеге соғып, батыр рухына бас идік. Сөзсіз, бұл саяхаттан көңілге түйгеніміз бен санаға тоқығанымыз мол болды.
Тамерлан ЖАЛЕЛОВ,
«Жас тілші»үйірмесінің мүшесі,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!