Туған өлкенің тарихын тану

Выпуск - №45(642)   :   15.11.2024
723

2

Туған жерге деген махаббаттың өлшемі шектеусіз. Осынау ерекше сезімді әрбір жастың бойына сіңіру мақсатында Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Өлкетану» үйірмесі жұмыс істеп келеді.

3

Аталмыш үйірменің жылдық жоспары бойынша, туған өлкенің тарихын танып-білу мақсатында оқушылар арнайы экскурсияға шықты. Танымдық экскурсия барысында Боксит кен орны, Егінді аймақ, Тасты мектебінің мұражайы, «Кейкі батыр» кесенесі және «Құтан» әулие кесенесіне барып, тарихымен танысып қайтты. Экскурсияның алғашқы аялдамасы – Арқалық қаласындағы Боксит кен орны болды. Оқушылар бұл жерде Боксит кешенді кентас екенін, одан алюминийден басқа да элементтер шығатынын білді. Экскурсияның екінші аялдамасы – Егінді аймақ болды. Оқушылар егінді аймақтың жерімен, дәнімен танысып, диқаншылардан егінді қалай егу, қалай күтіп-баптау керектігін білді. Егін бітік шықса, елдің де, егіншінің де көңілі тыныш қой. Диқаншылар бидайын жинап, арпасын орып, қамбасын толтырып жатыр екен.

1


Осындай әсерлі сәттен кейін оқушылар келесі бағыт бойынша Тасты мектебінің мұражайына барды. Тасты мектебінің ұжымы бізді күтіп алып, білім ордасының ішімен, тарихты ұлықтап келе жатқан мұражайдың экспонаттармен таныстырды. Артынша «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді», – деген сөзді ұстаным етіп, келесі бағытымыз – «Кейкі батыр» және «Құтан әулие» кесенелерінің басына барып, құран бағыштап, тарихпен жақыннан танысып қайттық. Оқушылар экскурсиядан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
Өлке тарихы – бұл біздің ата-бабаларымыздың ұзақ жылғы еңбегі мен маңдай терінің жемісі. Өлке тарихын зерттеу отан тарихының мазмұнын байытады, тарихи санамызды қалыптастырады.

Арайлым РАХМЕТОВА,
«Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығы,
«Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.