Туған жердің қымбат бізге әр тасы

Выпуск - №45 (391)   :   22.11.2019
400

Туып, өскен жері жайлы сөз қозғала қалса, әрбір адамның жүрегінде ерекше сезім ұялары хақ. Себебі, кіндік қаның тамған сол бір мекенге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеусіз.

Осынау бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азаматтың бойына сіңіріп, қанына дарыту үшін сөздің ұғымын кең мағынасында түсіндіру мақсатында Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалуы керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал, бағдарламаның мәні неде? Тұңғыш Президент бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. Соларға жеке-жеке тоқталсақ. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді-мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Ал үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Аталмыш бағдарлама жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан-байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек.

Аталған бағыттарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында Қостанай ауданының Жданов орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларын туған жерімізде дүниеге келген ұлы ақын, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсарин атамыздың кесенесіне саяхатқа апардық. Ы.Алтынсариннің мектеп ашқан жерлері, ол кісінің өмірі, адамгершілік құндылыққа толы шығармалары, кесененің құрылуы жайында көптеген мағлұматтаға қанық болдық. Сонымен қатар, атамыздың басына құран бағыштап қайттық.

Киелі мекенге саяхатқа шыққан мектеп оқушыларының көздерінен жалын байқалды. Олар көрген-білгендерін ешқашан ұмытпайтыны анық. Ұлттың болашағы саналатын мектеп оқушыларын Отанын сүюге, ата қоныстың қасиетін тануға, ұлттық мұраларды ұлықтауға тәрбиелеу – бүгінгі қоғамда жауапкершілігі жоғары іс. Біз де, өз кезегімізде, сол үрдіске «қанатымен су сепкен қарлығаштай» үлес қостық деп білеміз. Және алдағы уақытта да қолымыздан келгенше үлес қосуға тырысамыз.

Тоғжан ЕРМҰХАНОВА,
Бақыткүл САРТОНОВА,
Жданов ОМ педагогтері,
Қостанай ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.