Биыл қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің дүниеге келгеніне 180 жыл толмақ. Ардақты тұлғаның мерейтойына орай республика көлемінде арнайы жоспар құрылып, бірқатар шаралар қолға алынуда.
\
Музей қызметкері Назгүл Шектібаеваның мектеп оқушыларына онлайн экскурсия жүргізу сәті
Қостанай өңіріндегі мерейтойға арналған шаралар өткен жылдың аяғында тарихи оқиғалардың бірі Ыбырай Алтынсариннің еңселі ескерткішінің бой көтеруімен басталғаны көпшілікке мәлім. Елімізде орын алған ахуалға байланысты, ұйымдастырылар алқалы басқосулар мен ғылыми конференциялар да онлайн форматта өткізілмек. Облыс орталығында ағартушының атындағы мамандандырылған мектеп-интернат, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бар. Одан бөлек келем деушілерге әрдайым есігі ашық мемориалдық музейі де жұмыс атқаруда.
Күні кеше Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5-сынып оқушыларының Zoom платформасы арқылы қатысуымен Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде онлайн экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұстаздың балалық шағымен, жастарды оқу мен білімге шақырған ағартушылық қызметімен толығырақ танысып шықты. Экскурсияны өткізген Назгүл Төкенқызының айтуынша, қазіргі сәтте бұндай онлайн форматтағы шараларға сұраныс жоғары.
Жуырда Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов «Біздің музей» жобасы аясында берген сұхбатында: «Біз Ыбырай Алтынсаринді өз деңгейіне көтере алмай келеміз. Қазіргі таңда тек облыстық, тіпті республикалық деңгейде ғана шектеліп қалмай, халықаралық деңгейге шығару керекпіз. Себебі Ыбырай Алтынсарин халық мектебін қалыптастырушы ғана емес, ол жалпы түркі елдеріндегі зайырлы мектепті қалыптастырушы тұлға екенін білуіміз қажет», – деген-тін. Ыбырай атамыздан мирас болып қалған мұрасы сақталған қара шаңырақ болғандықтан, алдағы жылға құрған жоспарлары да ауқымды.
Олардың қатарында Ыбырай мұрасын түгендеп, жаңа қырынан таныту мақсатында «Архив-2025» арнайы жобасы аясында Ресей Федерациясының Орск, Орынбор, Челябі қалалары және Қостанай қаласындағы «Өлкедегі халық ағарту ісі және Ы.Алтынсарин» тақырыбындағы мұрағаттық жұмыс, Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік мұрағаты қорларындағы мемлекеттік мұрағат материалдарын іздеу және зерттеу қолға алынбақ. Ыбырай салған ізбенен жүріп өтуді көздеген «Даланың Ұлы ұстазы» ғылыми экспедициясы да өтеді деп жоспарлануда.
Ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы – мәңгілік қазына» Халықаралық ғылыми практикалық конференция, «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихи облыстық мұражайымен бірлескен ғылыми экспедиция, Татарстан Республикасының Ұлттық мұрағатында анықталған ағартушының өмірі туралы құжаттарды зерделеу де үстіміздегі жылы жүзеге асуы тиіс жоспарлардың қатарында. Бұл туралы музей басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаева бізбен әңгімесінде мәлім етті. Биыл Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі 30 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ал ұжым болса заман талабына сай икемделіп, үздіксіз ізденіс жүргізбек.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.