Биыл ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы. Соған орай елордамыздан «Ыбырайдың ізімен» атты велошеру бастау алып, велосипедке мінген төрт марафоншы жеті күн ішінде Қостанай қаласына дейінгі жолды жүріп өтті.

Тамыз айының 23-і күні астанадан сапарын бастаған велошеру қатысушылары Қостанай қаласына дейін 750 шақырымға созылып жатқан қашықтықты 7 күнде еңсерді. Сапар барысында велошабандоздар жол бойындағы елді мекендерге бас сұғып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық ұлағатын насихаттады. Шерушілердің құрамында велосипед спортын жанына серік етіп, саламатты өмір салтын насихаттап жүрген 4 адам бар. Төртеуінің де жас шамасы төрт түрлі: 76, 66, 57 және 38 жас. Арасында мұғалім де, журналис те, зейнеткер әуесқой велошабандоздар да бар. Әлемнің 40 елін велосипедпен аралап өткен 76 жастағы ұлағатты ұстаз Түгелбек Қасымовты атап өтпеске болмас. Жерлесіміз, Қостанай велоқауымдастығының мүшесі Қайрат Ырғызбаев та осы топтың ішінде.

Велошеруге бастамашы болған Ернат Мелсұлы өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жол бойында болған айтулы оқиғаларымен бөлісіп тұрды. Марафонға қатысудағы мақсатын былай деп түйіндейді: «Велошеру өткізудегі ниетім – бір материалдық дүниеге қол жеткізу емес. Ең басты ниетім – астанадан Ыбырай атамның кесенесіне дейін велосипедпен жетіп, ұлт ұстазының қабіріне зиярат ету, аруғына дұға бағыштау, атамыздың өмірі мен еңбегін саралау, іштей рухымен сырласу, ой түю, өмірлік жолымды туралау. Менікі – перзенттік, мұсылмандық парыз. Сосын Ыбырай музейіне және қасындағы Ыбырай мектеп-лицейіне бас сұғу. Велошеруге жалғыз аттанбаймын. Қасымда қазақтың мықты ақсақалдары, ағалар бар».
Велошерудің соңғы күнінде, яғни тамыздың 29-ында, межелі жерді велосипедпен жүріп өткен велошабандоздар алдымен «Велоқауымдастық «Қостанай» ҚБ белсенділері және бір топ ел азаматтарымен бірге Тобыл жағасындағы Ы.Алтынсарин кесенесіне барып, ұстаз аруағына құран бағыштап қайтты. Артынша Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына бас сұғып, білім ордасының ауласында тұрған Ыбырай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кезінде Ыбырай атамыз өзі ашқан мектептің басшылығы мен дарынды оқушылары келген қонақтарды білім ордасының тарихымен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты. Ал аталмыш велошерудің қатысушысы, белгілі веломарафоншы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Түгелбек ақсақал оқушылармен жүздесіп, сұрақтарына жауап беріп, өмір жолында кездескен қызықтары мен қиындықтары жайлы баяндап, жас жеткіншектерге ақ жарма тілегін арнады.
Ауқымды іс-шараның түйіні Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде қойылды. Мәртебелі мамандар музей қызметкерлері өткізген экскурсияға қатысып, Ыбырайдың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алып, құнды жәдігерлердің куәсі болды. Экскурсия соңында «Велоқауымдастық «Қостанай» ҚБ Алтынсарин музейіне велошерудің белгісі болған статуэтканы табыстады. Сондай-ақ велошеру қатысушылары мен музей басшысы Марғұлан Оспанов ресми түрде облыстық велоқауымдастықтың мүшесі атанды. Алтынсарин музейінің атынан келген қонақтарға ескелікке «Ыбырай жылы-2021» күнтізбесі тарту етілді.

– Өткізіліп отырған велошерудің маңыздылығы зор деп білемін. Өйткені шара барысында көпшілікке ұлт ұстазының өмірі мен атқарған қызметі жайында көп мағлұмат берілді. Сонымен қатар педагогтің 180 жылдық мерейтойына арналған, оның есімі берілген нысандардағы игі іс-шаралар да мақсатына жетіп жатыр, – дейді Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаева. Шара соңында велошеру ұйымдастырушылары мен қатысушылары болашақта осындай игі істер жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.
Жамал ШАУКЕН,
Аягөз КӘКІМЖАН,
суреттерді түсірген
Константин ВИШНИЧЕНКО
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».