Ұланның жобасы үздіктер қатарында

Выпуск - №46(493)   :   29.11.2021
391

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері арасында ғылыми-зерттеу жобаларының «Туған өлке – тұнған тарих» атты облыстық байқауы өтті.

Байқау ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылындағы еліміздің жетістіктерін насихаттау, туған өлкесінің тарихын біліп қана қоймай, құрметпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында қолға алынды. Оған облыс мектептері мен колледждерінен 60-қа жуық ғылыми-зерттеу жобасы қатысты. Соның ішінде №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ұлан Ғабдығалиевтің «Құсмұрын ауылындағы көше атауларының тарихи-саяси аспектілері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ұсынылды.

Зерттеу жұмысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Құсмұрын ауылындағы көше атауларының тарихын зерттеу арқылы қоғамдық, рухани, тарихи-саяси сипаттағы негізгі көріністерін зерттеуге бағытталған. Іріктеу кезеңінің қорытындысына сәйкес Ұланның жұмысын әділ қазылар алқасы үшінші орынға лайық деп танып, диплом мен бағалы сыйлықпен марапаттады.


Кымбат АБДРАХИЕВА,
№1 Құсмұрын ЖББМ
тарих пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.