Ұлылар мекеніне саяхат

Выпуск - №13(661)   :   03.04.2025
183

image

Жидебай ауылындағы Абай кесенесі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай мектебінің оқушылары мен мұғалімдері ұлы ақынның кіндік қаны тамған жеріне саяхатқа аттандық. Киелі жерге сапар шегудегі мақсатымыз – хәкім Абайдың асыл мұрасын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу.

Семейден шығып, көзіңді тіксең маңайға,
Тарихқа тағзым ете жүр, қалқам, жарай ма?
Табаның тиген топырақта мынау текті іздер,
Абайла, қалқам, бұл жермен жүрген Абай да!
Қазақ даласының әрбір тасы мен сай-саласы киелі. Дегенмен дана ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлы туған, ғұмыр кешкен Семей өңірінің орны ерекше. Семей мен Абай егіз ұғымдай. Бірін атасақ, екіншісі ойымызға оралады. Жақында осы киелі мекенге сапар шегіп, Абай еліне тәу етіп қайттық. Абайды пір тұтатын біз сапар барысында көңілге түйгенімізді оқырманмен бөлісуді жөн көрдік. Қаланы аралауды, бұл топыраққа табан тіреген кез келген саяхатшының салты бойынша, Абай музейінен бастадық. Мемлекет тарихындағы алғашқы әдеби музей болып есептелетін бұл мәдени кешен ұлы ақынның 150 және 175 жылдық мерейтойлары қарсаңында кеңейтіліп, жаңартылып, жөндеуден өткен.

image

«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені

image

Хәкім Абай ұрпақтарының зираты


Күмбезді ғимараттың ішінде орналасқан мұражай 11 залдан тұрады. Олардың әрқайсысы ақын өмірі мен шығармашылығына арналған: «Абай. Жыл мезгілдері», «Дала әуендері», «Ақынның балалық шағы», «Ақынның қалыптасуы», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық мектебі», «Абайдың отбасы», «Қара сөздер», «Абай мұрасы», «Мультимедиялық зал» және «Балалар бөлмесі». Бұл залдарда ақынның өміріне қатысты архивтік мәліметтер, кұнды құжаттар, сол заманда өмір сүрген халықтың тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қолөнері мен бейнелеу өнерінің үздік туындылары, ақын шәкірттерінің қолжазба мұралары мен фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптары рет-ретімен қойылған.
Ертеректе баспа өнімдері мен ақпарат құралдары тапшы болған уақытта үзбей жазылып отырған қолжазба журналдар бүгінде мектеп қорында сақтаулы тұр. Біз олардың бірнеше санын парақтап көрдік. Құдай-ау, мұнда не жоқ дейсіз?! Абай өлеңдері мен өмірбаянынан бастап, сол заманның би-шешендері, ақын-жыршылары, ел мен жер шежіресі, халық аузынан жиналған ғибратты сөздер, билік кесімдері, сирек әрі құнды деректерге тұнып тұр.
ХХІ ғасыр – білім мен біліктіліктің, тың ізденістердің ғасыры. Семейге табан тіреген кез келген адам, ең алдымен, Абай елін көргеніне қуанады. Сондықтан мұнда келген қонақтар мен туристерге ұлы данышпанның өмірі мен шығармашылығын терең таныстыру – біз үшін өткенге деген құрмет қана емес, елдің туризм, ішкі саясатын дамытуға қосқан үлесіміз. Бұл – біздің бабалар алдындағы аманат парызымыз. Осы ойдың жетегінде біз «Абай жолына» түсіп, Жидебайға бет алдық.
Әнге де бай жер, жырға бай мекен, күйге бай,
Желсіз бір түнде айдынның бетін сүйген ай...
Жыр менен Жердің кіндігі болып жайқалған,
Алдыңнан шығар жұмақтың төрі – Жидебай.
Жидебай – қазақ тарихындағы, әсіресе оның рухани әлеміндегі аса маңызды мекен. Неге десеңіз, бұл жерде ұлы ойшыл, хәкім Абай мәңгілікке дамыл тапқан. Оның ойы мен қыры, тау-тасы ақын өмірінің куәсі. Абайдың мәңгі өлмес мұрасы осы жерден бүкіл әлемге тарады. Бұл жерде ақынның музей үйі бар, ал «Абай-Шәкәрім» кесенесіне келген адам ең алдымен осы музейге бас сұғады. Бірнеше мәрте күрделі жөндеуден өткен музей үйінде ақын өмір сүрген кезеңнің тұрмысын бейнелейтін жәдігерлер қойылған.
Мұнда ас үй заттары, ат әбзелдері, шаруашылық құралдары, аңшылық тақырыбындағы экспозициялар, т.б. ерекше көрмелер ұйымдастырылған. Бір бөлмеде хәкімнің Еркежанға сыйға тартқан күміс ертоқымы, генерал-губернатор сыйлаған үш ауызды берен мылтығы, Құнанбай қажының тақиясы мен кісе белбеуі, сондай-ақ Ұлжан ананың нәрестелерін қырқынан шығарғанда пайдаланған жез легені мен қазмойын құманы, бір бөлмеде Абай қолданған тоғызқұмалақ, дойбы тақталары, шақшасы мен есепшоты да тұр. Қалай десек те, Абай елі – еліміздің қай бұрышынан қарасақ та көзге түспей қалмайтын рухани мекен. Абай – біздің ар-намысымыздың, өмірлік өлшеміміздің, ұлттық парасат-пайымымыздың символы. Біз Абай мұрасын бір халықтың немесе мемлекеттің игілігі деп емес, әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде бағалауымыз керек.
Сапар барысында жолбасшымыз болған «Palma tour» туристік агенттігі өңірдің бүгінгі бағыт-бағдары, әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық жағдайы жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ, бірнеше тарихи, рухани және кәсіби нысандармен, олардың жұмыс барысымен де таныстық.
Алдыңнан шығар табылмас өлке сыр бөтен,
Ұлықтар Бөрілі Мұхтардай ұлын бір көсем.
Омархан мен Нұржамал рухы жатқан жер,
Әуездің әні әуеде тұрған бір мекен.

image

«Алаш Арыстары – Мұхтар Әуезов» музей-үйінде


Жол-жөнекей Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің ата қонысына да соғып өттік. Бұл – М.Әуезовтің балалық, бақытты бозбалалық, жалындаған жастық шағының куәсі болған қасиетті мекен. Мұнда жазушының музей-үйі орналасқан, сонымен қатар осы ауылда әйгілі «Көксерек» фильмі түсірілген екен. Сапарымыз барысында біз Құнанбай қажы әулетіне құран бағыштадық. Жастарымыз ұлы ақынның туған жеріне барып, білім нәрімен сусындап, тағылымды тарихқа көз жүгіртті. Бұл – біз үшін ұмытылмас, ерекше саяхат болды. Сөз соңында, балаларының ұмытылмас сапарына қолдау көрсетіп, жол ақысын қаржыландырған ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!

Гүлзада ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ,
Абай атындағы мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4