Биыл ағартушы педагог Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Айтулы датаға орай оқушыларыма Қостанай қаласының орталығындағы Ахаңның ескерткішіне дәріс экскурсия ұйымдастырдым.
Ескерткіш қаланың төріндегі Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленген қара шаңырақ – Қостанай өңірлік университетінің алдында орналасқан. Осыдан бірнеше жыл бұрын бой көтерген Ахаңның алып тұлғасының алдында көптеген игілікті іс-шаралар жалғасын табуда. Ахмет Байтұрсынұлы Әулиекөлде мұғалім болып қызмет жасап, қазақ балаларын оқытты. Ол қарапайым ауыл мұғалімнен «ұлт ұстазы», «Алаштың рухани көсемі» дәрежесіне дейін көтерілді. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен халықтың игілігі жолында атқарған қызметін балаларға үлгі етіп, насихаттау – сапарымыз барысында көздеген басты мақсатым еді.
Сондай-ақ әр баланың бойында Қазақстандық патриотизм болып табылатын – өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, сонымен бірге Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу, оқушылардың ой-өрісін кеңейту де назардан тыс қалмады. Танымдық тағылымдық жағы мол іс-шара барысында оқушыларыма А.Байтұрсынұлының ескерткішінің алдында өмір жолы туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ оның ғалым, көптеген оқулықтарды құрастырушы, аудармашы, этнограф қана емес, 1913-1918 жылдары қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарып, ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарғандығы да атап өтілді.
Газеттің бірінші санындағы халыққа арнауында: «Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесер қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы», – дей келе, «Қазақ» газетінің дәл сол кездегі тарихи мәнін Ахмет Байтұрсынов былай деп көрсетеді: «Әуелі, газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқанын білу жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ».
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық еңбектерінің нәтижесінде қазақ әліпбиі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі мен этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы бар. Осы тынымсыз еңбегімен А.Байтұрсынов қазақ әдебиетін биік деңгейге көтеріп, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік негізін қалады. Ол халық жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде сақталды және солай болып қала бермек. Сапарымыздың соңында 6-сынып оқушылары А.Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оның өмір жолын, атқарған іс-әрекетін, идеясын білу, бағалау – баршамыздың қасиетті парызымыз.
Айгүл ГАБДУЛЛИНА,
№6 ЖББМ эксперт-ұстаз,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы,
суретті түсірген
Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.