Ұлытау – қазақ халқының қасиет тұтқан, тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын киелі мекен. Бұл жерде қазақ хандарының атасы саналатын Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алашаханның мазары бар.
Халқының тарихын, танымын білмеген ұрпақ тарихты қадірлемесі анық. Өскелең ұрпақты ұлтын қадірлейтін, қастерлейтін азамат етіп тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардан сусындату басымдық танытады. Осы мақсатта қалалық білім бөлімінің жоспарына сай, қазақ жерінің кіндігі саналған, қазақ халқының тарихы мен аңыздарының бастауы, ұлт діңгегі деп танылған, Асан қайғы «Жерұйық» деп бағалаған Ұлытау өңіріне 23 оқушы 10-12 шілде аралығында саяхатқа барды. Аталмыш тағылымды сапарлы ұйымдастырудағы басты мақсатымыз: ұлт ұясы саналған өңірдің тарихымызда алар орнын өскелең ұрпақ санасында жаңғырту, зерделі ой түйетін ұрпақ қалыптастыру.
Ұлытау жалғыз Қазақстанда ғана емес, бұл атау өзге мемлекеттерде де кездеседі. Ресейдегі Кабардино-Балкария елінде 4000 метр биіктікте орналасқан «Улутау» деп аталатын тауға көбіне бала көтермеген әйелдер барып, тілек тілеп, тәу ететінге ұқсайды. Түркиядағы Стамбулдан 90 шақырым жерде «Улудаг» тауы болса, дәл сондай атау Ресейге қарасты Тува республикасындағы «Улытаг» деп айтылса, Хакасия елінде де осылай аталатын тау бар. Мұнда байқасаңыз, түркі тілдес халықтарға тән сөзді көреміз. «Ұлы» дегеннің мағынасын олар «Тәңірі», «Құдай» деп тәпсірлеген. Ал «тау» сөзі «мекен» дегенді білдірсе керек. Демек, Ұлытау дегеніміз – Құдайдың мекені, Тәңірінің назары түскен жер деген түсінікке кеп саяды.
Саяхатқа барған оқушылар көненің көзі саналған тарихи мекендегі кесенелермен, тамырын тереңге жайған мұражайлардың тарихымен танысты. Таза ауасы, мөлдір бұлағы, биік таулары тамсандырған қасиетті өңірдің тарихи ескерткіштері мен табиғи ерекшеліктеріне тағзым жасап, ұлттық құндылықтардан сусындап, ұлы өңірден Отансүйгіштік сезім қалыптастырып, тағылым алды. Аты аңызға айналып, ақындар жыр еткен, ғасырлар бойы адам баласын еліктіріп, өзіне тартқан өңірге сапарымыз жастарға үлкен тарих сабағы болғаны хақ.
Ерлан АБДУАЛИЕВ,
Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.