Жайдарлы әрі пайдалы демалыс

Выпуск - №26-27 (473-474)   :   11.08.2021
437

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтуларына, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы уақыт. Әрбір бала демалысты жанға жайлы, қызықты өткізуді армандайды.

Қазіргі әлем дерті балалардың демалысына еш кедергі келтірмеуі қажет. Жыл сайын біздің «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы жазғы балалар демалысы уақытында қызықты, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өткізіп отырады. Биыл да оқушылар үшін түрлі іс-шаралар, ойындар ұйымдастырып, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізудеміз. Жоспарлы шараларға көптеген оқушылар қатысып, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде жетістіктерге жетіп, марапаттарға ие болып отыр. Біздің орталықтың үйірме, отау оқытушылары жоспарларына сәйкес оқушылардың жазғы демалыстағы бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуге барынша ат салысуда.

Қостанай облысы Арқалық өңірінің табиғатын қорғау іс-шараларын ұйымдастыру мен бұлақтарды сақтауға, бұлақтарын тазарту және абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге бағытталған «Ауылым – алтын бесігім» жобасы шеңберінде Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жас-Ұлан» қалалық балалар-жасөспірімдер ұйымы, «Жас-Ұлан» БЖО «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу үшін еріктілер жол сапарын өткізуде.

Көңіл қуантарлығы, оқушылар мен жастардың аталған акцияларды өткізуге деген ықыласының жоғары екендігі. Жобаға тартылған ересектер мен еріктілердің көмегімен, оннан астам бұлақтар мен оған тиесілі айналасы тазартылды. Бұлақ басына жаяу жолаушылар мен ауыл тұрғындары үшін орындықтар, сондай-ақ бұлақ көздерінің орналасқан жері мен атауын көрсететін жол бойындағы белгілер орнатылған.

Акцияны өткізу барысында ауылдық округ әкімдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды, олармен табиғи су игілігін одан әрі күту және абаттандыру туралы сыйластық әңгіме өткізілді. Алдағы уақытта да біздің орталықта балаларға арналған қызықты сапарлар, игі іс-шаралар өткізілетін болады. Бізбен бірге шығармашылық қадам жасауға әр баланы асыға күтеміз.


Гүлнұр СҮЙІНБЕКОВА,
Қосымша білім беру орталығының
оқытушы-модераторы,
«Денсаулық айнасы»
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!