4К моделі: табысты оқытудың кілті

Выпуск - №26-27(623-624)   :   02.08.2024
859

4-2

Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка жалпы білім беретін мектебінің базасында «Практикалық навигатор: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы 4К» аудандық семинары өтті.

Аталмыш семинар қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудағы 4К моделін тиімді қолдану әдістерін практикаға енгізуге ықпал ету мақсатында өткізілді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында оқушылар қонақтарға шашу шашып, домбыраның әуезді үнімен қарсы алды. Тіркеуден өткен соң қонақтарға креативті сұрақтар қойылып, тақырыптық блокнот сыйға тартылып, қатысушылар кофе-брейкке жолдама алды.
Семинардың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Қ. Қарымсақова сөз сөйлеп, қатысушыларға педагогикалық шабыт пен сәттілік тіледі. Ұйымдастыру кезеңінен кейін қатысушылар ашық сабақтарға қатысты. Ашық сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М. Садыкова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.С. Сероус, тарих пәнінің мұғалімі Е.С. Утегенов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Д. Тихимбаева өткізді. Ашық сабақтардан соң ағылшын тілі мұғалімі, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі ретінде мен «4К: интегрировать или не интегрировать?» атты педагогикалық retreat өткіздім. Қатысушылар ретрит барысында 4К-ны ұтымды пайдалануды үйреніп, жаңа инсайттар алды.

4-1


Педагогикалық ретриттен кейін Н.С. Сартаев тарих пәнінің мұғалімдерімен «4К бір жоба аясында» ашық алаңын, Е.А. Айсенова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен «Жаңаша оқыту жолындағы 4К білім беру моделі» атты шебер-сыныбын, Ж.А. Нурпеисова орыс тілі пәнінің мұғалімдерімен «4К на уроках русского языка» атты іскерлік ойынын өткізсе, мен ағылшын тілі мұғалімдерімен «4К-ны дамытуға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында методикалық рингті ұйымдастырдым.
Семинардың қорытынды бөлімінде орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Б. Сартаеваның жетекшілігімен «Фантазия» театр үйірмесі мүшелері «Хочу другую маму» атты қойылымын көрсетті. Рефлексия «Что? Где? Когда? Смайлики» тәсілімен өткізіліп, қатысушылардан жағымды кері байланыс алынды. Осылайша, тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-шараға ауданның 33 мұғалімі қатысты. Семинардың барлық спикерлері аудандық білім бөлімі жетекшісінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Гульдана КОЖАГАЛИЕВА,
Новоселовка ЖББ
мектебінің ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.