Кез келген маман кәсіби биігіне тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденіс арқылы жетеді. Бұл жолда табандылық пен жаңашылдыққа ұмтылыс – басты шарттардың бірі. Әсіресе, еңбек жолын жаңа бастаған жас маман үшін әр қадам маңызды, әр тәжірибе – үлкен сабақ.
Болашағынан зор үміт күттіретін жас маман алдына биік мақсат қойып, бойындағы бар күш-жігерін арман-мақсатына жетуге жұмсайды. Осы жолда оның жанында бағыт-бағдар көрсетіп, кәсіби тұрғыдан демеп, рухани қолдау білдіретін тәлімгер мамандардың болуы аса маңызды. Мен де кәсібилікті өмірлік ұстаным етіп, таңдаған мамандығымды мақтанышпен атқарып жүрген жас мамандардың бірімін.
Өңірімізде кәсіби маманның өсуі мен дамуына үнемі серпін беріп келе жатқан Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы – жас мамандар үшін таптырмас тәжірибе алаңы. Аталмыш орталықтың білікті басшысы, талантты педагог Петренко Елена Александровнаның жетекшілігімен жүзеге асырылған «Жаңа бастаған жас педагог-психолог» атты ауқымды жобасы негізінде «Жас психолог мектебі» оқыту курсы мен үшін үлкен практикалық тәжірибе алаңына айналды. Аталған курс барысында жалпы білім беру саласындағы кез келген бағыттағы психолог қызметінің қыр-сырын терең меңгеруге мүмкіндік алдық.
Жыл өткен сайын қоғамда психолог мамандығына деген сұраныс артып, сала мамандарының кәсіби және тұлғалық қасиеттеріне деген сенім нығая түсуде. Аталған курстың әрбір тренингінде қозғалған тақырыптар тыңдаушылар үшін тың жаңалыққа толы болды. Оқыту барысында бізге «Психолог көмегіне кімдер жүгінеді?», «Қандай мәселелер шешім табады?», «Оқу үдерісінде диагностика, кеңес беру, оқыту мен түзету жұмыстары қалай жүргізіледі?» деген маңызды сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды. Айта кетерлігі – бұл курстың ерекшелігі тек теориямен шектелмей, әр тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, талдаған соң меңгерілген білімді бекіту үшін тест тапсырмалары жүргізілді. Мұндай жүйелі тәсіл алынған білімді қорытып, оны тәжірибеде тиімді жоспарлауға зор мүмкіндік берді.
Курс барысында психолог қызметінің басым бағыттары жан-жақты түсіндіріліп қана қоймай, сала маманының құзырындағы нормативтік құжаттармен де мұқият таныстық. Сондай-ақ ата-аналармен жүргізілетін жұмыс, дағдарыс жағдайлары және олардың салдарымен жұмыс істеу, балалардың дарындылығын психологиялық диагностика арқылы анықтау, педагогтердің кәсіби қажу жағдайлары, суицидтің, балаларға зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу мәселелері де кеңінен қамтылып, оны толық меңгеру мүмкіндігі берілді. Жас психологтардың кәсіби білімін үнемі жетілдіру бағытында көрсетілетін мұндай қолдау – бүгінгі жас маманның ертеңгі күні өз ісінің шебері, білікті маман ретінде қалыптасуына берік негіз болатыны сөзсіз.
Жанерке СӘБИТБЕК,
№11 орта мектептің педагог-психологы,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.