Кәсіби бағдар беру аясында 2024-2025 оқу жылында Әулиекөл ауданындағы №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінде «Медицина бағыты бойынша кәсіби бағдар беру сыныбы» ашылып, жылдық жұмыс бағдарламасы енгізілген болатын.
Қоғам талабына сай қалыптасып келе жатқан медициналық алғашқы жәрдем беру ісін аудан деңгейінде іс-тәжірибе түрінде ұсынған Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінде №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі ретінде менің ұйымдастыруыммен «Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары» тақырыбы аясында аудандық семинар өтті. Семинар кәсіби бағдар беру сыныбының жоспарына сәйкес медицина мамандығын таңдаған 8–10-сынып оқушылары мен аудандық мектептердің кәсіби бағдар беру педагогтеріне арналды.
Семинардың негізгі мақсаты – қатысушыларға шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету және оларды төтенше жағдайларда жылдам әрі дұрыс әрекет етуге дайындау болды. Семинарға ауданымыздың 7 мектебінің өкілдері мен аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Есенғазы арнайы шақырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті. Семинарға С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы, И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, №2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі, Новоселовка жалпы білім беретін мектебі, Б.Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі және №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі қатысып, өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аудандық семинардың басында Құсмұрын ауылы ауруханасының медбикесі З.Нұрмолдина «Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары» тақырыбында баяндамасымен таныстырды. Ал, кәсіби бағдар беру педагогі педагогтер мен оқушыларға танымдық тренинг ұйымдастырды. Семинардың теориялық бөлімінен кейін практикалық сайыс үш кезеңге бөлінді: бірінші – оқушылар семинар барысында алған теориялық білімдерін тест арқылы тексерді; екінші – практикалық тапсырмалар, бұл кезеңде қатысушылар түрлі жағдайларда алған жарақаттарға алғашқы медициналық көмек көрсетті; жағдаяттық тапсырмаларға негізделген үшінші кезеңде әр мектеп командасына табиғи апат немесе төтенше жағдай сценарийі ұсынылып, олар «Осы жағдайда қандай әрекет жасар едіңіздер?» деген сұраққа жауап берулері қажет болды.
Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы қатысушылардың нәтижелерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде «Ең үздік команда» номинациясы – Новоселовка жалпы білім беретін мектебіне, «Ең ұйымшыл команда» номинациясы – Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебіне, «Ең шапшаң команда» номинациясы – №2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебіне, «Эрудит» номинациясы – И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебіне беріліп, басқа мектептер Алғыс хатпен марапатталды.
Торгай ДУКЕНОВА,
№1 Құсмұрын жалпы
білім беретін мектебінің
кәсіби бағдар беру педагогі,
Әулиекөл ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.