Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінде Әулиекөл және Науырзым ауданы мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтарға, МЮП инспекторларына арналған топтық семинар сабағы өтті.


Семинар Қостанай облысының Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жұмыс жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылып, «Кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқының және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу шеңберіндегі отбасылық психологияның аспектілері» тақырыбында өтті.
Аталмыш шара оқытудың интерактивті түрлерін қолдану арқылы жүргізілді. Кездесу аясында Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Елена Петренко Қостанай облысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғушылығына қарсы жасалған қылмыстар мен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлардың статистикалық деректерімен таныстырды. Сондай-ақ осы мәселеге қатысты бейнероликтер көрсетілді. Аудандық білім беру бөлімінің мамандары білім алушылар мен олардың ата-аналарымен аутодеструктивті мінез-құлықтың және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Артынша «Сұрақ-жауап» диалогтық алаңы болды.

Практикалық бөлімде аутодеструктивті мінез-құлықтың және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу үшін тренингтік жаттығулар мен психологиялық әдістемелер өткізілді. Қорытынды бөлімде қатысушылармен кері байланыс жасау мақсатында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде қатысушылардың барлығы аймақтық орталық ұсынған семинар қорытындысымен, алған ақпараты мен практикалық оқумен қанағаттанғандығын көрсетті. Тақырыбы өзекті болған семинар соңында мәселенің алдын алу жолдарын қарастыруға ат салысқан барлық 30 қатысушыға сертификат табысталып, кітапшалар, буклеттер мен парақшалар таратылды.
Бибіғанша ДОСПАЕВА,
Шоқан Уәлиханов атындағы
Әулиекөл ОМ психологы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.