Қостанай қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №11 ЖББ мектебінде «География және тарих сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша география және тарих мұғалімдерінің қалалық семинары өтті.

Семинарға қала мектептерінің география және тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Отырыс барысының теориялық бөлімінде тарих пәнінің мұғалімі А.Қожубаеваның жобалау-зерттеу қызметі бойынша жұмысының тұсаукесері ұсынылды. Практикалық бөлімде география пәнінің мұғалімі А.Байшева «География сабақтарында инновациялық технологиялардың тиімді қолданылуы», Б.Маденова «21 ғасырдың білім беру негізі ретінде қоғамдық ғылымдар сабақтарында цифрлық технологиялар» тақырыбында коучинг-сессия өткізді.
Коучинг барысында олар әріптестерімен интерактивті карта тапсырмаларын құру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, графикалық кескіндерді құру бағдарламаларымен таныстырды. Сондай-ақ семинардың практикалық бөлімінде А.Суинбекова «Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану жолдары» тақырыбында мұғалімдерге шеберлік-сабағын көрсетті.
Алқалы басқосу соңында тарих пәнінің мұғалімдері А.Каримова, А.Нуртазина «Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға география және тарих сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Айгерим БАЙШЕВА
№11 ЖББМ география
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.