Білім мен тәрбиенің сара жолы мектепке дейінгі ұйымдарда қаланатыны белгілі. Ендеше, жас ұрпаққа саналы білім мен жан-жақты тәрбие беруде мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне жүктелер міндет зор.
Қазіргі таңда студенттердің коммуникативтік икемділігін, бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Бұндай әдістемелер жастардың қарым-қатынас барысындағы иілімділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады. Ал студент – болашақ маман, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысында да, өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысының мол болуы қажет.
Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық тәжірибе. Біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығы бойынша тәрбиеші даярлауда білім алушылардың педагогикалық іс-тәжірибесіне негізгі көңіл бөлінеді. Қаламызда «Ақбота», «Раушан», «Золотой ключик», «Алпамыс», «Балдырған» атты 5 балабақша бар. Білім алушылар келісімшарт бойынша осы балабақшаларда тәжірибеден өтіп, колледжде алған теориялық білімдерін тәжірибе барысында қолданады.
Болашақ мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық практика. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес. Педагогикалық тәжірибеден өту кезінде практикант мамандықты қаншалықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді.
Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. Болашақ маманға колледж қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі мен қоғамның жаңа адамды тәрбиелеуі – мемлекеттік маңызды іс. Мемлекет пен ата-ана тәрбиешіге өзінің ең қымбатты асылын, халқының болашағын, барлық ықылас ниетімен сеніп тапсырады. Мұндай сенім тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүгін артады.
Балабақша тәрбиешісі – арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын тұлға. Оның негізгі міндеті – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үдеріс ұйымдастыру, кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру. Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру және т.б.
Балабақша тәрбиешісі оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Тәрбиешілердің білімділігі, мәдениеттілігі, шеберлігі, қабілеттілігі, балалармен қарым-қатынасы, жеке басының дамуына төмендегідей нақты талаптар қойылады:
1. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, ұйымдастыра білуі;
2. Арнаулы білім-дағдыны меңгеруі;
3. Баламен сөйлесе білуі; көзкарасымен, ыммен де өз ойын түсіндіруі;
4. Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде әзілдесіп, көнілді болып, орынды жерде ашулана алатын болуы;
5. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие беретіндей болуы тиіс.
Қазіргі кездегі оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі – оқуды өмірмен, қазіргі қоғамды құру тәжірибесімен байланыстыру керек. Колледжде білім стандарты бойынша білім алушылардың кәсіптік тәжірибенің тақырыптық жоспары бар. Сол жоспарымен іс-тәжірибе кезінде білім алушылардың әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың қызығушылығын тудырады. Балалар студенттерді жақсы көреді, оларды тәрбиешілерден гөрі біршама басқаша қабылдайды: балалар үшін тәрбиеші – бұл ана, ал студенттер – апайлар, олармен ойнау әрқашанда көңілдірек болады.
Студенттік іс-тәжірибе – бұл үлкен жауапкершілік және әкімшілік, әдіскер, тәрбиешілер жұмысындағы қосымша жүктеме. Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу әрекетінде пайдалану үшін әр тәрбиеші бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогтің мақсат мүддесіне орай таңдап алады. Сондай-ақ студенттер күнделікті іс-қызметінде түрлі көрнекіліктер, слайдтар көрсетіп, ойындар өткізеді. Тәжірибе кезінде студенттер көптеген іс-шараларға атсалысып отырады. Бұл балалармен қарым-қатынасын нығайтады. Көзге көрінген белсенді білім алушыларды әдіскерлер бақылай отырып, оларға мадақтама береді. Білмегендерін үйретіп, бағыт сілтеп отыратын тәрбиешілердің еңбегі зор.
Жұмысқа ықыласпен ден қойған маман одан үлкен қанағат алады. Бұл оны өзінің мамандық шеберлігін жетілдіре түсуге ынталандырады. Болашақ тәрбиешілерге осылайша педагогикалық байқампаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдық, адалдық, карапайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, ізденімпаздық сияқты қасиеттер кажет. Осындай адамгершілік сапаларды берген тәрбиеші баланың әрі қарай дамуына әсерлі ықпал етіп, мінез-құлқында өшпес із қалдырады.
Ақжарқын НАСРЕДИНОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің «Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту»
мамандығының оқытушысы,
педагогика ғ.м.,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.