Білім арқылы әлемге жарық беруге болады

Выпуск - №39 (587)   :   19.10.2023
341

Биыл алғаш рет, қазанның 4-5 күндері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Педагогтердің республикалық съезі өтті. Бұл іс-шара өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында білім беру ұйымдарының басқосуы.

Съезд жұмысына республиканың 650 педагогі, оның ішінде мектепке дейінгі, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, «Үздік педагог-2022» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары, білім беру ардагерлері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының ректорлары және т.б. қатысты. Онда халықаралық тәжірибеде тануды ескеретін үздік ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған озық басқарушылық және педагогикалық тәжірибе таратылды.

Іс-шара барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде оқытудың оқу, әдістемелік-дидактикалық құралдарының мазмұнын жетілдіру, білім беру нәтижелілігінің және PISA, PIRLS халықаралық зерттеулеріндегі табыстың негізгі факторы ретінде үздіксіз кәсіби дамудың жетілдірілген жүйесі арқылы педагогикалық ресурстың жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, педагог кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері, білім берудегі менеджменттің маңыздылығы және т.б. мәселелер туралы ой қозғалды.

Мемлекет басшысы съезд барысында, ең алдымен, ұстаздардың кәсіби мерекесі және алғашқы мұғалімдер съезінің ашылуымен құттықтап, баяндамасын бастады. Ахмет Байтұрсынұлының: «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек», – деген дана сөзі негіз болып, жас бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беру – табысқа жетудің ең басты кілті екенін, осы тұста ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде педагог жетіспейтінін баса айтып, заманауи әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау және жаңғырту қажет екенін ұсынды.

Nobel Fest – бұл әр түрлі білім салаларындағы инновациялар мен жетістіктерді атап өтетін ең үлкен жыл сайынғы озық білім фестивалі. Бұл фестиваль идеялар мен шабыт алмасу мақсатында ғалымдарды, зерттеушілерді, суретшілерді және басқа да көрнекті тұлғалардың басын қосады. Ол цифрлық жаңартуға, яғни білім мен идеяларды ілгерілету үшін заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді қолдануға бағытталған. Nobel Fest-те қоғам мен ғылымның дамуына ықпал ететін озық зерттеулер мен жобалар ұсынылады. Бұл – білімді насихаттау және инновацияны ынталандыру жолындағы маңызды оқиға.

Фестивальдің басты миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету. Мен үшін маңызды болған әрі өзімнің бағытымдағы «Инклюзия» сахнасына қатыстым. Бұл жерде Global Teacher Prize премиясының жеңімпаздары мен ТОП-50 құрамына кірген әлемнің ең үздік педагогтері қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Мысалы, Happy World Foundation Lnc халықаралық бейкомерциялық қордың негізін қалаушы Акаш Патель өз сөзінде оқушылардың мәдениетаралық тәжірибесін дамытудың ең қызықты жолы ретінде – еріктілер тобының жұмысын көрсете білді және сол ұйымға қосылуға шақырды.

Кейшия Троп – жаһандық және мәдение құзыреттіліктерді дамыту арқылы, білімді әрі жан-жақты балаларды тәрбиелейміз дегенді өз тәжірибесінен көрсетіп, зерттеулерімен бөлісті.

Винита Гарг – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау кезінде әмбебап оқу және оқыту дизайның тиімді пайдалану жолдарын көрсетіп, бұл балаларды олардың қызығушылығы арқылы оқытудың маңыздылығын жеткізді.

Профессор Дуглас Хартман сын тұрғысынан ойлауды тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі елдері бойынша әлі де дамыту керектігін өз зерттеулері арқылы көрсетті.

Ал, ең қуантқан және еліміз үшін мақтаныш болғаны – ұстаз Асхат Жумабековтың таныстырылымы. Ол әлемге танытайын деп отырған «Қожа» жобасы – барлық педагог қауымы қол соғатындай жұмыс болғалы тұр.

Педагогтердің республикалық съезі мен халықаралық Nobel Fest педагогтер саммиті – керемет тәжірибе алмасу және шабыттандыру алаңы болды. Өз тыңдаушыларыммен бөліскім келетіндей көптеген пайдалы білім мен тәжірибе жинақтадым. Съезде көптеген қызықты кездесулер мен таныстықтар орын алды. Білім беруде жаңа технологияларды қолдануға арналған биология, химия, физика пәндерінің модификацияланған кабинетерін көру – өзіме ерекше әсер қалдырды.

Тақырып аясында педагогтер цифрлық құралдарды оқу процесіне біріктіру бойынша кеңес беріп, тәжірибелерімен бөлісті, бұл – жұмысымда пайдалы болмақ. Аталған екі іс-шара да әртүрлі аймақтардағы әріптестеріммен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігін ұсынды. Біз мектептерде кездесетін ең үздік деген тәжірибелерді, оқыту әдістерін және мәселелерді шешудің жолдарын талқыладық. Ал, педагогтер саммиті аясында ашық және ынталы педагогтермен кездесу маған үлкен шабыт сыйлады деп айта аламын.

Педагогтер съезі мен саммит – атқарып жатқан жұмысымның қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте ұқтырып, «тыңдаушыларымның кәсіби өсуі үшін қандай жаңашылдық енгізе аламын?» деген ойыма жол ашты. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға бірге оқып, дамуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Бұл оқиға менің білімге деген құштарлығымды және білім арқылы әлемді жақсартуға деген ұмтылысымды жандандырды.


Айнур МУСКИНА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы
бойынша КДИ
ЖжМПОӘ кафедрасының
аға оқытушысы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.