Шағын жинақты мектептердің мұғалімдеріне арналған пилоттық жоба – «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» біліктілік арттыру курстары өтіп, біздің Алтынсарин ауданының мұғалімдері де жоба аясында біліктілік санаттарын көтерді.
Аталмыш жоба еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтыды. Жобаның маңыздылығы қандай? Білім беруде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану – оқушының білім сапасын және функционалдық сауаттылығын арттырады. Жоба білім беру саласын түрлі құралдар мен әдіс-тәсілдерге толықтырып, шағын жинақты мектептердің ары қарай дамуына мүмкіндік береді.
Жалпы цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдануға кедергі келтіретін бірнеше фактор бар: ғаламтор желісінің жоқтығы немесе жылдамдығының аздығы, компьютер, интербелсенді тақтаның болмауы, мультимедиялық кабинеттердің жоқтығы екенін айта кеткен жөн. Цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, мұғалімдер «онлайн-педагог», «онлайн-ассистент» бола алады. Бұл – шалғай ауылдарда пән бойынша мұғалім болмаса, аудан орталығындағы мұғалім сабақты өткізе береді деген сөз.
Оқушыларымыз қазіргі таңда цифрлық білім беру ресурстарын сабақта телефон, компьютер арқылы орындай береді. Олардан кері байланысты да осы цифрлық білім беру ресурстарын қолданып отырып алу өте тиімді деп ойлаймын. Себебі, кері байланыс –оқу үдерісіне қатысушыларға білім алушылардың жетістіктері мен мәселелері туралы ақпарат, мақсатқа жету деңгейін және оқу міндеттерін шешуге мүмкіндік жасайды.
Осы тұста, кері байланыс үшін интерактивті онлайн ресурстарды атап өткен жөн.
Kahoot! (https://kahoot.com) – кез келген оқу орындарында білім беру технологиясы ретінде пайдаланылатын, сауалнаманы, викторинаны (суретті немесе бейнені қосу мүмкіндігімен) жасауға мүмкіндік беретін ойын оқыту платформасы. Kahoots Educational Games – пайдаланушыларды құруға мүмкіндік беретін бірнеше таңдауы бар викториналық ойын. Аталған платформа интернет-браузер арқылы жұмыс істейді.
Сауалнама, кері байланыс нысаны немесе тестілеу арқылы ақпаратты жинау үшін тегін Google Forms қызметі көмектеседі. Ол тізімдерді жылдам жасауға, қажетті ақпаратты жіберу үшін электрондық пошта мекенжайларын жинауға, сондай-ақ викториналар өткізуге мүмкіндік береді.
LearningApps (https://learningapps.org) – көп деңгейлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викториналар, кроссвордтар, басқатырғыштар және ойындар. LearningApps қолданбасы түсінікті тілде жасалған, сондықтан бұл қызметті өз бетіңізше меңгеру қиын емес. Платформада әртүрлі тақырыптарға жіктелген дайын шешімдердің үлкен жинағы бар.
Flippity (https://www.flippity.net) – мұғалімге арналған тағы бір веб-қызмет, оның көмегімен оқуға арналған әртүрлі интерактивті жаттығуларды жасауға болады. Айта кету керек, Flippity функционалдығы бірнеше танымал веб-қызметтердің мүмкіндіктеріне ұқсайды: LearningApps, Quizlet, Jeopardy.
Цифрлық білім беру ресурстары мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынып, сабақ мазмұнын АКТ-ның жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға мүмкіндік береді.
Азамат НУРБЕКОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ЖББМ информатика
пәнінің мұғалімі,
Ботагоз БАЙЗАКОВА,
физика пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.