Цифрлық сауаттылық – заман талабы

Выпуск - №35(583)   :   19.09.2023
884

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 14-і мен 25-і аралығында шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында онкүндік курс өткізілді.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі уақытта мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогиканы шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Осы мақсатты ту етіп қолға алынған курс білім беруде цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы педагогтердің оқыту дағдыларын жетілдіруді көздейді. Аталмыш курсқа Әулиекөл ауданындағы мектептердің химия, биология, физика, математика және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Курстың мазмұны өте оңтайлы жасалғанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде оқу барысында цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлауды үйрендік; синхронды және асинхронды байланыс түрлерін егжей-тегжей зерттеп, сараладық; түрлі онлайн сервистерді, яғни бәрімізге белгілі «Zoom», «Google Meet», «Microsoft Times», «Jitsi Meet» іспеттес платформаларды пайдалануды үйрендік. Осылайша білім берудің бірқатар бағыттары бойынша жаңа ақпараттарға қанық болып, кәсіби шеберлігімізді арттырдық.

Жаңа оқу жылының басталуы алдында өткізілген бұл курстың мәні мен маңызы аса зор деп есептеймін. Бұл педагогтер қауымын жаңашыл жұмысқа бағыттау, қолдау көрсетудің бірден-бір үлгісі деп бағалаймын. Осы тұста, курс барысында жаңа платформаларды жетік біліп, оларды пайдаланудың тиімді жолдарын біз секілді ұстаздарға үйретіп жүрген білікті де білгір маман, тренеріміз Кожагалиева Гульдана Женисовнаға алғысымыз шексіз. Курста алған тың білімімізді барынша қолданып, сабақтарымызды оқушыларға неғұрлым қызықты әрі пайдалы етіп өткіземіз деген ойдамын.


Гульден НУРГАЛИЕВА,
Көктал ЖББ мектебінің
ағылшын тілі мұғалімі,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.