Науырзым ауданы білім беру бөлімі Жамбыл орта мектебінің базасында «Геймификация бойынша инновациялық алаңның копирайтингі» атты облыстық онлайн режимінде семинар өткізілді.

Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне, әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне және мектепалды тобы тәрбиешілеріне арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша өткізілген семинардың мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында геймификация бойынша инновациялық алаңның тәжірибесін жалпылау. ХХІ ғасырдың дағдыларын қалыптастырудың маңызды ресурсы дұрыс таңдалған немесе әзірленген оқу-тәжірибелік міндеттер болып табылады. Тәрбие-оқыту үшін пайдаланылуы мүмкін әзірленген ойындарды қолдану. «Геймификация бойынша инновациялық алаңның копирайтингі» атты облыстық онлайн режиміндегі семинарды Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Сауле Абдибекова құттықтау сөз сөйледі.
Аталмыш семинар мектепке дейінгі бағдарламаның өзгеруіне байланысты, жаңа ойындар ойлап табу арқылы бүлдіршіндерді дамытуды көздейді. Мектепке дейінгі педагогтер арасында өткен семинарға өз біліктіліктерін көтеру мен көрсету және өз шеберліктерімен бөлісу мақсатында Науырзым ауданы білім беру бөлімінің әдіскері ретінде менің жетекшілігімен «Балдырған» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гаухар Нұрғожина, педагог-тәрбиешілер Гүлбахрам Оразбаева және Боранкүл Фазылахметова қатысты.
Облыс бойынша «Ақ-ерке» (Қарасу ауданы), «Балдәурен» (Бейімбет Майлин ауданы) және Рудный қаласының №5 балабақшасынан тәжірибе алмасушы педагогтер қатысты. Атап өтсем, Рудный қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Гүлнара Бикбаева, №5 балабақшасының тәрбиешісі Александра Береговая, әдіскері Нина Проводина, Қарасу ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Тамара Доронгова, Гүлназ Малигаждар меңгерушінің міндетін атқарушы және тәрбиеші мен әдіскері Марина Жук, Татьяна Троценко, «Балдәурен» балабақшасынан Гүлнара Нұрахметова және Галина Титова қашықтан өткен онлайн семинарға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қазіргі уақытта геймификация, игрофикация әдісі көп қолданылады. Семинардан алған тәжірибені іске асыру мақсатында дамыту тұрғысында геймификация элементтерімен ойындар тәжірибесін ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз етудің теориялық және тәжірибеге бағдарланған жобаны іске асыру қолға алынды. «Геймификация бойынша инновациялық алаңның копирайтингі» атты облыстық онлайн семинарды Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту бөлімінің аға әдіскері Қарлығаш Кубеева қортындылады.
Қанымкүл ВАЛИЕВА,
Білім беру бөлімінің мектепке
дейінгі ұйым әдіскері,
Науырзым ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.