Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасы алғаш рет «Болашақ психолог: ғылым мен тәжірибе тоғысындағы ізденіс» атты олимпиадасын өткізді.
Мектеп психологтері мен 9–11-сынып оқушыларының қатысуымен жалпы саны 13 команда бақ сынаған алқалы жиынның шымылдығын студенттер өнерімен ашып берді. Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби-коммуникативтік, ғылыми-зерттеу және практикалық дағдыларын дамыту, сонымен қоса психология ғылымы мен тәжірибені ұштастыру арқылы заманауи маман бейнесін қалыптастыруды көздеді. Үш кезеңнен тұратын жарыс форматы қатысушылардың тек теориялық білімін ғана емес, креативті ойлау қабілетін де толық айқындап берді.
Алғашқы «Танысайық» кезеңінде Instagram платформасында мамандыққа деген мотивация мен құндылықтардың заманауи визуалды тілде ұсынылуы цифрлық психологияның даму бағыттарына толықтай сай келді. Кейс-стади технологиясы бойынша практикалық шешімдер іздеу кезеңінде эмоционалды интеллект, буллинг және инклюзивті білім беру сияқты жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің талқылануы жобаның ғылыми тереңдігін көрсете білді. Әсіресе, жасөспірімдердің интернетке тәуелділігі мен стрестік жағдайларды жеңу жолдарын зерттеу – қоғам сұранысына тікелей жауап береді. Ал бағдарламаның үшінші кезеңіндегі кино-талдау бөлімі қатысушылардың психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды кәсіби тұрғыдан сараптау шеберлігін шыңдай түсті. «Менің атым Қожа», «Жердегі жұлдыздар» және «105» сериалы сияқты туындылар арқылы кейіпкерлердің ішкі әлеміне терең бойлау – болашақ психологтардың эмпатиялық қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
Бағалау критерийлерінің айқындығы мен SMART қағидасына негізделген әдістемелік іс-шара академиялық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Тартысты өткен білім додасында Бас жүлдені Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің «ПсихоMIX» командасы қанжығасына байлады. Сондай-ақ қатысқан команда мүшелері марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Өнегелі олимпиада соңы педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор, PhD А.Қасаболаттың білім ордасының психологтарына арналған «Жасөспірімдермен жұмыстағы кәсіби тұрақтылық: супервизия мен интервизияның практикалық рөлі» атты семинарымен жалғасын тапты. Бұл жиын жасөспірімдер психологиясындағы ең өзекті мәселелерді, атап айтқанда, деструктивті мінез-құлық пен гаджетке тәуелділікті терең талдауға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және эмоционалдық жанып кетудің алдын алу жолында супервизия мен интервизияның маман дамуындағы айырмашылығы нақтыланды. Интервизиялық топ аясында «Білмеймін» деген қарсылықты жеңу үшін арт-терапия мен метафоралық карталар (МАК) сынды коллаборативті әдістерді қолданудың тиімділігін мектеп психологтары тәжірибе арқылы көрсетті. Командалық жұмыс пен коммуникативтік дағдылардың назарға алынуы болса заманауи психологиядағы әлеуметтік интеллекттің рөлін айқындап берді. Олимпиада мектеп психологтары мен білім алушылар арасындағы байланысты нығайтып, кәсіби бағдар беру жұмысына тың серпін берді. Әдістемелік шешімі мен бағдарлама құрылымындағы логикалық бірізділігі халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес келетін бұл бастама болашақ мамандардың ғылыми ізденіске деген құштарлығын оятып, шығармашылық әлеуетін арттырады.
Психологиялық практикаларды ұлттық білім беру контекстіне бейімдеу – осы олимпиаданың басты жетістігі. Арқалық педагогикалық университетінің бұл бастамасы еліміздегі психологиялық қызметтің сапасын көтеруге бағытталған батыл қадам. Бұл олимпиада – теория мен практиканы ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы Қазақстанның білім беру жүйесіндегі инновациялық бағыттардың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.
Зияда АЖИБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық педагогикалық
университетінің педагог-
психологы, магистр
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!