Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған облыстық семинар өтті.
«Кредиттік-модульдік оқыту технологиясымен дербес оқыту: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушыларына арналған шығармашылық стратегиялар» тақырыбы аясында өткен іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» және жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы Татьяна Кравченко ұйымдастырып, оған жетекшілік етті.
Кездесу аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері колледжде өткізілген ашық сабақтарға қатысты. Онда білім алушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері ұсынылды. Оқытушылар инновациялық технологиялар мен шығармашылық әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын және өздігінен оқуға жауапкершілігін арттыру тәжірибесін көрсетті. Жиын барысында шебер-сыныптар өткізіліп, педагогтер өздігінен оқыту мен тәрбиелеуге арналған заманауи құралдарды қолдану мәселелерін талқылады.
Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде биология пәнінің оқытушысы Анар Брахметова «Төңкерілген сынып» технологиясын қолдану тәжірибесімен таныстырып, қатысушыларға ашық сабақ өткізді. Бұл технология білім алушылардың өз бетінше танымдық әрекетіне жағдай жасауға бағытталған. Білім алушылар теориялық материалды алдын ала меңгеріп, сабақ барысында тәжірибелік тапсырмаларды орындап, кейстерді талқылап, эксперименттер жүргізді. Осы әдіс оқытушыға білім алушылардың зерттеушілік әрекетін арттырып, олардың сыни тұрғыдан ойлау мен оқуына жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік береді.
Семинар қатысушыларына зертханалық эксперименттер мен білім алушылардың білімін тәжірибемен біріктіруге көмектесетін жобаларды пайдалана отырып, жұмысты ұйымдастыру мысалдары ұсынылады. Осы тұста «Төңкерілген сынып» технологиясы – бәсекеге қабілетті түлектерді дайындаудың тиімді құралы ретінде ұсынылды. Ал, «Мұражай – өздігінен білім алудың кеңістігі» атты әдістемелік экскурсия семинар қатысушылары үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында көрсетілген негізгі құндылықтарды дамытуға арналған ресурс болды.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Алтынгуль Жармухамбетова «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының нақыл сөздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың өзіндік жұмыс жасау және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған инновациялық оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі көрсетілді. Өз жұмысында педагог «Кездейсоқ топ генераторы», Kahoot платформасы және TikTok сияқты цифрлық құралдарды белсенді пайдаланады. Бұл әдістер оқу үдерісін білім алушылар үшін барынша интерактивті және қызықты етеді.
«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасын іске асыру кезінде үздік тәжірибелер енгізілуде. «Шабыт», «Қамқор», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы», «Еңбегі адал – жас өрен» жобалары адамның шынайы құндылықтарын насихаттайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушыларына арналған облыстық семинарда шығармашылық стратегияларды әзірлеу бойынша әдістемелік хакатон өткізілді. Бұл іс-шара кредиттік-модульдік оқыту технологиясы аясында дербес оқыту мәселелерін талқылауға бағытталды.
Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Морозенко «флеш-тәлімгерлік» әдісімен тәжірибе таратты. Ал, педагог-зерттеуші Светлана Солодова оқу-тәрбие процесінде музей педагогикасын қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсына отырып, «Музей өз бетінше оқуға арналған кеңістік ретінде: білім алушылардың сыни ойлауы мен бастамашылығын қалыптастыру» атты әдістемелік экскурсиясын өткізді. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға педагогтің авторлық көзқарасы музей арқылы жобаларды құру үшін шабыт пен жаңа идеяларды табуға мүмкіндік береді, онда білім алушылар ақпаратты өз бетінше жинауды және талдауды, материалдарды жүйелеуді, экскурсиялар өткізуді үйренеді.
Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Татьяна Ткаченко «Адам өміріндегі театр. Қазіргі уақытта театр өзекті ме?» тақырыбында орыс тілі бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ол топтардағы оқушылардың дербес жұмысы арқылы мәтінмен жүйелі жұмыс істеп, оқу сауаттылығын қалыптастыруды көрсетті. Мәтін ақпаратын пайдалана білу – оқушылардың жаңа білімді игеруінде кең мүмкіндіктер ашатын, жеке тұлғаның табыстылығын анықтайтын өмірлік қажеттілік. Ұсынылған жұмыс түрі оқушылардың табысқа жетуге деген ынтасын арттырып, олардың танымдық белсенділігін жандандыра түсті.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің қабырғасында өткен облыстық семинарда жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Татьяна Юркевич пен Меруерт Салькенова әріптестерімен білім алушылардың өз бетінше білім алуы үшін, жасанды интеллект платформаларын қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұл іс-шараны өткізу идеясы білім беру сапасын арттыру және білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолында икемділік пен инновациялық тәсілдерді талап ететін кредиттік-модульдік оқыту жүйесі шеңберінде жаңа технологияларды енгізу болды.
Шебер-сыныптың екінші бөлігінде Меруерт Кабдоллаевна кредиттік-модульдік жүйені іске асыру мақсатында өте қолайлы білім беру ресурстарын құруға көмектесу ұшін ЖИ пайдалана отырып, заманауи платформалардың мүмкіндіктерін көрсетті. Ол қатысушыларды Brisk Teaching, Shyraq.ai, Curipod, ROQED.AI интерактивті тапсырмаларды әзірлеу, оқу нәтижелерін талдау, сонымен қатар оқытуды жекелендіру үшін ыңғайлы және тиімді құралдарды ұсынатын Wooflash платформаларымен таныстырды. Бұл шебер-сынып оқытушылар үшін жаңа технологияларды меңгерудегі маңызды қадам болды.
Семинардың қорытындысы ретінде педагогтер болашақта осындай тәжірибе алмасу шараларын тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті, өйткені білім беру үдерісінің тиімділігі оқытушылардың кәсіби дамуымен тікелей байланысты. Қостанай жоғары педагогикалық колледжі алдағы уақытта да жаңашыл педагогикалық бастамаларды қолдап, білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыра бермек.
Мөлдір ҚАСҚЫРБАЕВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық колледжінің арнайы пәндер
оқытушысы, әдіскер
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».