
Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді.
Осыған орай, мектептің қазіргі жағдайын, мұғалімдердің жаңа білімді игеруге қаншалықты дайын екенін анықтау үшін, мен Астана қаласындағы ПШО «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтудемін.
Курс алды тапсырмаларды орындау барысында мен №2 Қамысты орта мектебінің мұғалімдерінен сауалнама алуды жөн көрдім. Мақсатым – мектептің шынайы жағдайын анықтап, деректерге сүйене отырып, оқу ошағының күшті, әлсіз жақтары бойынша жұмыс жасау.
Жиналған деректер шынайы болуы үшін аудитті өткізуге мектептің «Ұлағат» тобы мұғалімдер қоғамдастығының көшбасшылары көмекке келіп, мектеп директоры А.Б. Ысқақова жұмысыма қолдау көрсетті. Жас мамандар арасында кәсіби қоғамдастық дамыту мақсатында «Ізденіс» тобы құрылды.
Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар және рефлексиялық есеп бойынша атқарған шараларға тоқталып кетсек. Оқу мен оқыту үдерісінде бағалаудың түрлерін ұдайы қолдау арқылы, оқу сапасын арттыру мақсатында тақырыпқа сәйкес бірнеше коучингтер, Lesson study, дөңгелек үстел, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Кофе-брейк дайындап мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесіндегі көптеген өзгерістерді талқылап, кері байланыс арқылы оқушылардың пікірлерін ескере отырып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың оқу үлгерімдерінің жақсарғаны туралы пікір алмасып, болашақта түзетуді қажет ететін жағдайларға тоқталып кетті.
Қорытындылай келгенде, «Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибиесін тарату» барысында белсене қатысып, коучинг, семинарларды жоғары дәрежеде өткізе білген мектеп тренерлерін және мұғалімдерін атап кеткім келеді: К.Е. Бисембаева, А.К. Гизатова, А.Б. Искакова, Қ.Қ. Қабдырақова, А.К. Испулаева, С.К. Жақанова, Т.Т. Айтмағанбетова, А.Ә. Әбенова, С.Т. Жұмағұлова, С.С. Демесинова, Д.Ж. Саттыбаев, Ж.Қ. Абеуов, Г.Б. Тілеуқабылова, К.А. Мүслімова, А.Ж. Итесова, С.Қыстаубаева, А.Жеңісхан.
Сөзімді қорытындылай келе айтарым, мектептегі кәсіби қоғамдастық тобы жұмысын жандандыру барысында мұғалімдер бойынан ынтымақтастыққа, қиын кезде қол ұшын соза білуге дайын, әрқашан көмектесуге бейімділігіне көз жеткіздім.
Рахиля ТАЖИБАЕВА,
№2 Қамысты ОМ
директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.