Бұл өте қызық әрі ұмытылмас күндердің бірі болды. Жақында алғаш рет облыс көлеміндегі қала және аудандардан келген мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін әріптесім Айжан Амандыққызымен Қостанай қаласына семинарға барып келдік.
.jpg)
Семинарға барарда жүрегім толқып, қанша жерден елдің алдында, оқушыларыма еркін сабақ беріп жүргеніммен іштей бұл қалай болар екен деген толқу болғанын жасырмаймын. Әдетте біз бірден алға суырылып шығып, бір нәрсені бастап кетуден қашқақтап тұрамыз ғой. Бұл жолы да солай болды. Бірақ барған соң ол қорқыныш сейіліп, ортаға бірден сіңіп кеттім. Олай дейтінім, әріптестерім дайындап келген тапсырмаларды топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып, жұмысымызды қорғадық. Осылайша топпен бірге ұйымшылдықта жұмыс істедік.
Әр өңірден келген әріптестерімнің қоржындарындағы оқушыларға білім беру жолында заман талабына сай қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін көріп, қанаттандым десем де болады. Біз де өз сабақтарымызда қолданып жүрген «Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту» тақырыбына сай әдіс-тәсілдерімізбен бөлісіп қайттық. Өз әріптестерімнің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіруде тер төгіп жұмыс істейтініне анық көзім жетті.
Семинар барысында пікірталастар да қызықты болды. Әріптестеріммен тәжірибе алмасу үстінде ынтымақтастық орта қалыптасты, қаншама жаңалыққа көз жеткіздім. Және тәжірибемде қолдану үшін барлығын қағазға түртіп алып отырдым. Өз ісіме деген қызығушылық одан әрі арта түсті. Осы орайда семинардың болуына бірден-бір себепкер Гайнеш Кошековнаға алғысым шексіз. Ол кісі бастауыш сынып мұғалімдерін алға жетелеп, біздердің шығармашылық табыстарға жетуімізге үнемі ықпалын тигізіп келеді. Сөз соңында әріптестеріме тәжірибе алмасып, кәсіби қажеттілігімізді арттыру үшін ерінбей еңбек етіп, биік белестерді бағындыра берейік дегім келеді.
Қанжаркүл ИШМАТОВА,
№3 Денисов ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Денисов ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.