Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам алдындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатта мектебіміздің ұстаздары «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ғылыми-практикалық институты ұйымдастырған «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты 80 сағаттық академиялық курс аясында кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Курсты институттың кураторы Ғалия Нурмагамбетова тренер ретінде мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтер және сынып жетекшілеріне арнайы өткізді. Курс барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты заңнамалар жөнінде маңызды мәліметтер ұсынылып, ҚР заңдарына, соның ішінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңына жан-жақты тоқталынды. Аталған заң аясындағы әкімшілік жауапкершілік пен тыйым салу шаралары түсіндіріліп, агрессорлар мен жәбірленушілердің құқықтары талқыланды.
Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресу – бұл заңнамалық, әлеуметтік және құқық қорғау шараларының кешенді жүйесі. Соңғы жылдары бұл бағыттағы заңдардың жетілдіріліп, бірқатар түзетулер енгізіліп жатқандығы туралы білдік. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу ісіндегі мектептің орнына келер болсақ, мектеп – зорлық-зомбылықты ерте анықтайтын ең тиімді орта екені мәлім. Уақытында байқалған мәселе баланың тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Осы тұста педагогтің жауапкершілігі ерекше. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, ол – тәрбиелеуші әрі бағыт-бағдар беруші тұлға. Баламен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болатын педагог зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде ажырата білуі тиіс. Баланың денесіндегі түсініксіз жарақат, ата-анасынан шамадан тыс қорқу, «үйге барғым келмейді» деген мазмұндағы сөздер, өзін-өзі кінәлау немесе өзін төмен бағалау – соның айқан белгілері. Мұндай жағдайда мұғалім баланы жазғырмай, қысым көрсетпей, мектеп психологына немесе әлеуметтік педагогке бағыттауы қажет. Ең бастысы – баланың жалғыз емес екенін сезіндіру және оған сенім мен қолдау көрсету.
Мектеп психологы – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы негізгі маман. Психолог баламен жеке әңгімелесу жүргізіп, психологиялық диагностика жасайды, ата-анамен жұмыс істейді және қажет болған жағдайда тиісті органдармен байланыс орнатады. Сонымен қоса ол мектепте сенім атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді. «Менің мәселемді тыңдайтын адам бар» деген сезім баланың ішкі қорқынышын азайтып, өзін қауіпсіз сезінуіне көмектеседі.
Бұл жағдайда ата-анамен серіктестік міндетті түрде болуы керек. Зорлық-зомбылықтың алдын алу тек баламен жұмыс істеумен шектелмейді – мектеп ата-анамен тығыз байланыс орнатуы керек. Жиналыс, тренинг және семинарлар арқылы позитивті ата-аналық, эмоцияны басқару, агрессиясыз қарым-қатынас және баланың жас ерекшеліктерін түсіну сияқты мәселелер қарастырылады. Көп жағдайда зорлық-зомбылық ата-ананың өз эмоциясын басқара алмауынан туындайтынын ескеру маңызды. Сондықтан да мектеп ата-ананы кінәлаушы емес, қолдаушы тарап ретінде қарастыруы қажет.
Тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтардың рөлі де ерекше. Мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған сынып сағаттары, тренингтер, пікірталастар маңызды орын алады. Мысалы «Менің құқығым бар» тақырыбындағы сабақ, «Жоқ деп айтуға үйрену» тренингтері, буллинг пен зорлық-зомбылықтың айырмашылығын түсіндіру, сондай-ақ сенім жәшігі немесе сенім телефоны. Осындай іс-шаралар баланың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз шекарасын қорғауға үйретеді. Зорлық-зомбылықтың алдын алуда ең бастысы – мектептегі қауіпсіз әрі сенімді орта. Егер бала мектепке қорықпай, еркін келсе, ол өз мәселесін айтуға батыл болады.
Курс соңында әр топ өз жобасын қорғады. Бірінші топ бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналған жоба, екінші топ орта буын оқушыларымен жұмыс істеуге арналған жоба, үшінші топ ата-аналармен жұмыс істеуге арналған жоба, төртінші топ жоғары буын оқушыларымен жұмыс істеуге арналған жоба, бесінші топ «Мектепішілік «Алға қадам» жобасы: мұғалім, психолог және әлеуметтік педагогтің бірлескен әрекеттері» жобасын әзірлеу. Ұстаздар берілген жобаларды топ болып қорғап, педагогикалық жобаны бағалау критерийлеріне сай екенін дәлелдеді.
№2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары отбасындағы зорлық-зомбылық тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның мәселесі екенін түсінеді. Ал мектеп – осы мәселенің алдын алудағы ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Баланың үнін еститін, жанын түсінетін, қорғайтын орынға айналған мектепте ғана зорлық-зомбылықтың алдын алуға нақты қадам жасау мүмкіндігі туады. Меніңше, бақытты бала – қауіпсіз отбасынан басталады, ал қауіпсіз отбасы – мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Айнұр АБИЛЬЖАНОВА,
№2 Аманқарағай жалпы
білім беретін мектеп
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.