Қостанай ауданына қарасты «Алтын бесік» бөбекжайында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша КДИ тыңдаушылар үшін «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді.
Кез келген әдістемелік шараны дайындау мақсатты анықтаудан басталады. «Осы іс-шараны ұйымдастыру арқылы біз неге қол жеткізгіміз келеді?», «Нәтиже қандай болуы керек?», «Педагогтердің іс-әрекетінде нені өзгерту керек?» деген сұрақтарға жауап беру маңызды. Мақсат шынайы болса, педагогті әрекетке итермелеп, белсенді етеді.
Бүгінде педагогтермен жұмыс істеу әдістемесін жетілдіру – басты мақсат болып табылады, өйткені әр тәрбиешінің өзіндік педагогикалық шеберлігі бар. Тәжірибелік сабақ барысында «Алтын бесік» бөбекжайының педагогтері «Жыл мезгілдері» тақырыбындағы іс-әрекетті, «Логопед-мұғалімнің жұмысында заманауи ойын технологияларын қолдануы» атты және «Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсориялық даму кезеңдері» атты педагогтерге арналған шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Семинар пікір алмасу және ұсыныстар түрінде қорытындылаумен аяқталды. Барлық семинар қатысушылары семинар жұмысын, ұйымдастырылуын және іс-шараның жалпы атмосферасын жоғарғы деңгейде бағалады. Семинар – балабақшадағы әдістемелік жұмыстың тиімді түрлерінің бірі, өйткені қарастырылып отырған мәселені тереңірек және жүйелі түрде зерделеуге, теориялық материалды практикадан мысалдармен бекітуге, жеке әдістер мен жұмыс тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік береді.
А.Шаймерденова,
Білім беру бөлімінің мектепке дейінгі
секторының басшысы,
Акмарал КУЖИНОВА, «Алтын бесік»
бөбекжайы тәрбиешісі,
Қостанай ауданы
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.