Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Қостанайлық ұстаз «XXX Еуропалық ECER-2024» конференциясында

Выпуск - №36(633)   :   13.09.2024
557

photo-5402336614144926729-y

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Кабденова Кипрдің Никосия қаласындағы Кипр Университетінде өткен XXX Еуропалық ECER-2024 халықаралық зерттеу конференциясына қатысты.

photo-5402336614144926728-y

Салтанат Қалижанқызы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін тұтас емес мәтін түрлерімен жұмыс жасау жолдарының тиімділігі» тақырыбында зерттеу нәтижесімен бөлісті.
– Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар, оқытушылар қатысты. Түрлі университет оқытушылары өздерінің зерттеу тәжірибелерімен бөлісті. Қоғамдағы өзекті мәселе буллингті болдырмау, аутист балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері, Венгриядағы халықаралық оқушыларға ағылшын тілін үйрету стратегиялары сынды тақырыптарда спикерлер ой бөлісті. Әр елден келген оқытушылардың ойын тыңдау, зерттеу нәтижелерін көру мен үшін қызық болды. Әр елдің білім беру мен тәрбиелеу саласында болып жатқан өзерістерді білу, тыңдау білім беру саласында кез келген мұғалімді алға жетелейтіні анық. Осы салада болып жатқан өзгерістерді біліп, ой түйіп келгеніме өте қуаныштымын, – дейді Салтанат Кабденова.
Айта кету керек, биыл конференцияға әлемнің 71 елінен 2300 адам қатысты.

Әсел ҚИБАШ,
Қостанай қаласындағы NIS баспасөз хатшысы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.