Қосымша білім – шығармашылық пен кәсіби дамудың бастауы

Выпуск - №42(738)   :   06.11.2026
50

1

Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Науырзым ауданында «Қосымша білім беру педагогі: мотивация ресурстары және кәсіби дамудың стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелермен алмасу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау.
Семинарға облыстың әр өңірінен келген қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, үйірме жетекшілері мен тәжірибелі мамандар қатысты. Кездесу барысында білім беру үдерісіндегі заманауи технологиялардың рөлі, педагогтің кәсіби дамуы, балалардың шығармашылық әлеуетін ашу және олардың танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараның пленарлық бөлімінде қосымша білім беру педагогінің мотивациялық әлеуеті, білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары және педагог пен білім алушы арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Қатысушылар балалар шығармашылығын қолдау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білім беру ортасында инновациялық тәсілдерді қолдану жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар бағдарламасындағы мазмұнды бағыттардың бірі – көркем-эстетикалық тәрбие және музыкалық білім беру саласы болды. Педагогтер музыкалық бейне, вокалдық орындаушылық, аспаптық ансамбль, сахналық мәдениет пен хореография бағыттарындағы жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ халық аспаптары оркестріндегі бірлескен шығармашылық, домбыра үйретудің тиімді әдістері, музыкалық ансамбльдерді ұйымдастыру және балалардың орындаушылық қабілетін дамыту мәселелері сөз болды.
Практикалық бөлімде педагогтердің күнделікті жұмысында қолдануға болатын жаңа идеялар ұсынылды. Атап айтқанда, «Үлкен хорда боди-перкуссия техникасын ырғақтық ансамбльдің, қимыл үйлесімділігінің және сахналық мәнерліліктің дамуы арқылы көрсету», «Ром-ром Арт-шығармашылық ынтымақтастық арқылы сендік кілем жасау», «Жанұя – жылулық мекені» секілді тақырыптар аясында тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар балалардың қызығушылығын оятатын, олардың шығармашылық белсенділігін арттыратын әдістермен танысты.
Тағылымға толы семинар аясында қосымша білім берудегі еріктілер қозғалысы мен әлеуметтік жобалардың маңызына ерекше назар аударылды. «Қосымша білім берудегі еріктілер: ізгі бастамадан әлеуметтік жобаға дейін» тақырыбындағы таныстырылымда балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық жұмыстарға тарту, жауапкершілікке тәрбиелеу және азаматтық белсенділігін қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Бүгінгі цифрлық дәуірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану да назардан тыс қалған жоқ. «Балалармен жұмыста SMM-технологияларды қолдану: заманауи ақпараттық және шығармашылық контент жасау» тақырыбындағы тәжірибелік бөлімде әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалану, шығармашылық жұмыстарды көпшілікке таныстыру және балалардың жобаларын ақпараттық тұрғыдан қолдау жолдары қарастырылды.
Семинардың келесі маңызды бағыты экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттауға арналды. Қатысушылар Науырзым мемлекеттік табиғи қорығына барып, оның аумағындағы танымдық-экологиялық маршрутқа қатысты. Экскурсия барысында табиғи мұраны сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қамтылды.
Практикалық сабақтар аясында сәндік-қолданбалы өнер мен арт-терапия бағытындағы жұмыстар ұсынылды. «Шебер қолдың туындысы – табиғаттың сыйы» тақырыбында табиғи материалдардан шағын интерьерлік композициялар мен кәдесыйлар жасау жолдары көрсетілсе, «Эко-дизайн және арт-терапия: табиғи материалдардан авторлық картина жасау барысындағы педагогикалық шеберлік» атты шеберлік сабағында табиғи материалдарды шығармашылықпен пайдалану, балалардың қиялын дамыту және өнер арқылы олардың өзіндік қабілеттерін ашу тәсілдері таныстырылды.
«Өрнек пен өнер үндестігі: көркем безендіру» тақырыбындағы сабақта ұлттық нақыштарды шығармашылық жұмыстарда қолдану, ою-өрнек мәдениетін дәріптеу және балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Осындай мазмұнды кездесулер педагогтерге жаңа идеялар алып, өз тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Әрбір шеберлік сабағы қатысушылар үшін кәсіби тәжірибе алмасудың, шығармашылық ізденістің және өзара ынтымақтастықты нығайтудың тиімді алаңына айналды.
Семинар-практикумның қорытынды бөлімінде барлық қатысушылардың жұмыстары сараланды. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында өткізілген жабылу рәсімінде алқалы жиынды ұйымдастыруға үлес қосқан мамандардың еңбегі айрықша атап өтіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара қосымша білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, педагогтердің кәсіби өсуіне, жаңа әдістерді меңгеруіне және шығармашылық байланыстарын нығайтуына жол ашты.
Бала бойындағы қабілетті танып, оны дамыту – педагогтің басты міндеттерінің бірі. Ал осындай тәжірибе алаңдары сол міндетті жүзеге асыруға тың серпін беріп, қосымша білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Өйткені ізденімпаз ұстаздың кәсіби шеберлігі ғана өскелең ұрпақтың жарқын болашағы мен саналы тәрбиесінің кепілі бола алатыны хақ.

Ляззат ЕСМАҒАНБЕТ,
Қосымша білім беру орталығы директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.