Мазмұнды өткен екі апта

Выпуск - №42 (539)   :   28.10.2022
503

Үстіміздегі жылы қазанның 10-21 аралығында 5-9 сыныптардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтерінің пәндік құзыреттілігін дамыту курстарына қатысып, білімімді шындадым. Екі аптаға созылған біліктілікті арттыру курстарынан алған білім ұшан-теңіз.

Курс бірінші күннен-ақ қызықты басталды. Алғашқы күнінде танысу және ЛГМ, оқу құралы, 5-9 сыныптардың ҚМЖ-сын талқыласақ, келесі күндері теория мен практиканы қатар алып жүрдік. Екі апта уақытымыз тек біліктілік арттыруға ғана емес, рухани тұрғыда дамуға да көңіл бөлдік.

Осылайша Қостанай қаласына гастрольдік сапарымен келген Шымкент қалалық «Қуыршақ және жасөспірімдер театрының» жерлес публицист ағамыз Ақылбек Шаяхметтің авторлығындағы «Ахмет» қойылымына барып, рухани нәр алып қайттық. Кейін қала орталығындағы Ыбырай Алтынсариннің мұражайына ат басын бұрып, артынша қазақ әдебиеті апталығы аясында өткізілген «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» атты ғылыми-практикалық конференциясына барып, шығармашылық тұстарға да көңіл бөлдік.

Осындай курстарды ұйымдастырып, Қостанай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің басын қосып, пәндік құзыреттілігімізді арттыруға өлшеусіз үлесін қосқан куратор Нуржанова Раушан Малдыбаеваға және «Өрлеу» академиялық бөліміне алғыс білдіремін. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы уақытта осындай курстар жиі өткізіліп тұрса екен деген ниетімді жеткізгім келеді.


Айжан НЫСАНБАЕВА,
№6 ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.