Жақында Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия қабырғасында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы «Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері» атты семинар өткізді.

Тіл – ұлтымыздың қазынасы. Сол қазынамызды сақтап қалып, тарихымыздың жалғасын табатындай игі іс қалдыру – қазіргі уақытта тіл жанашырларының басты міндеті. Оның ішінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен бөлек, әсіресе өзге тілді ұлт өкілдерін оқытып жүрген ұстаздардың міндеті өте күрделі және арқалаған жауапкершілігі зор. Жалпы ұстаздық жолда шәкірттерге үйрете отырып, өмір бойы білім алу керек екенін әр мұғалім түсінеді. Сондай мәселелерді шешу үшін ұстаздар қауымына арнайы оқыту семинарлары қаламызда жиі өтіп тұрады. Семинарда қазақ тілін оқытудағы тілдік дағдылар мен инновациялық стратегиялардың тиімділігі, сондай-ақ оқыту үрдісінде мәтінмен жұмыс арқылы тілдік дағдыларды қалыптастыру, цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі сөз болды.

Құшақ жая қарсы алған мектеп директоры Қымбат Бірманова мұғалімдердің, еңбек демалысына қарамастан, осы іс-шараға атсалысып отырғанына ризашылығын білдіріп, құттықтау сөзімен семинарды ашты. Мектеп оқушысы семинар қатысушыларына ән арнап, келген ұстаздардың көңілін көтерді. Келесі болып сөз алған «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Заңғар Санай қатысушыларға кіріспе сөзін арнап, артынша Қымбат Исламбекқызы психологиялық орта қалыптастырды. Сонымен қатар, Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Мырзабаева атаулы іс-шараны өткізуге атсалысатын, яғни шебер-сынып көрсететін тіл мамандарын таныстырып өтті. Ол кісілерді жеке-жеке атап өтсек.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Г.Қырықпенова, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы З.Жұматаева, Қостанай облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының кафедра меңгерушісі Г.Жүсіпова, Тобыл қаласындағы мектеп-гимназия педагогі Ш.Көшбаева бастаған тіл мамандарының тіл үйретудегі әдіс-тәсілдері мен бөліскен тәжірибелері жоғарғы деңгейде өтті. Өзімізді бір уақыт оқушы ретінде сезініп, оқудың қиын тұстарын да түсіндік. Бірнеше әдіс-тәсілдерді игеріп, сол ортада практика жүзінде дамытып, іске асырдық.

Кейбір әдістер біреулер үшін жаңалық болса, арамызда сол әдістерді қолданып жүрген ұстаздар да табылып жатты. Айта кетсем, «Тарсия-маркер», «Шеңбердегі хат», «Мозайка құрастыру», «Суреттер сөйлейді», «Кроссенс» және басқа да әдіс-тәсілдерді қолданып жүрсек, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бірден-бір себеп болары анық. Семинар соңында тіл мамандарына ұстаздар тарапынан алғыс сөздер айтылып, жас мамандар өз ұсыныстарын білдірді. Артынша қатысушыларға сертификат табысталды. Жалпы, тілге деген сүйіспеншілік өзімізден басталады. Сондықтан қазіргі заман талабына сай, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз бола білейік.
Маржан ТАЖИНА,
№21 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!