«Менің тәжірибем – сіздер үшін»

Выпуск - №20(716)   :   22.05.2026
446

image

Осындай тақырып аясында Рыспай негізгі орта мектебінде педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, білім беру үдерісіндегі заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау және шығармашылық байланысты нығайту мақсатында аудандық семинар өтті.

Семинар барысында пән мұғалімдері өз бағыттары бойынша мазмұнды әрі қызықты шебер-сыныптарын ұсына білді. Мәселен, тарих пәнінің мұғалімі «Жасанды интеллектті қолдану, оның ішінде ClassDojo платформасы арқылы бағалау» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, цифрлық бағалау жүйесінің тиімді жолдарын көрсетті. Бұл ретте қатысушылар заманауи технологияларды күнделікті сабақ үдерісіне енгізудің практикалық маңыздылығын жете түсінді. Ал музыка пәні бойынша «Дауыс – табиғи аспап» шебер-сыныбында адам дауысының мүмкіндіктерін дамыту мен оқушылардың музыкалық қабілетін жетілдіру жолдары таныстырылды.
Шығармашылық ізденісті серпіткен келесі алаң көркем еңбек пәніне бұйырды. Пән мұғалімі «Музыканы саламыз» тақырыбындағы шебер-сыныпта музыка әуенін бейнелеу өнерімен шебер ұштастырып, әріптестеріне мүлдем жаңа әрі әсерлі тәжірибе ұсынды. Ал жаратылыстану пәнінің маманы «Оқытудың тиімді белсенді әдістері» арқылы балалардың пәнге деген қызығушылығын оятатын соны тәсілдерді ортаға салса, география пәнінің мұғалімі «Картаны ойлау құралына қалай айналдыруға болады?» тақырыбы аясында практикалық жұмыс жүргізіп, географиялық картамен жұмыс істеудің оқушы бойында сыни ойлауды дамытудағы рөлін жан-жақты негіздеп берді.
Тағылымды іс-шараның соңында қатысушылар арасында «Шаңырақ» рефлексиясы жүргізіліп, педагогтер әсерлерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Тұтастай алғанда, бұл аудандық семинар кәсіби тәжірибе алмасудың таптырмас алаңына айналып, ұстаздардың шығармашылық ізденісіне жаңа серпін берді. Осындай нәтижелі де мазмұнды іс-шаралар аймақтағы білім сапасын арттыруға және мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуына үлкен ықпал етері сөзсіз.

Зухра АБДИКОВА,
Рыспай негізгі орта мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.