Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері

Выпуск - №11-12(508-509)   :   18.03.2022
570

Әлемде жас ұрпаққа берілетін білім деңгейіне қатысты мәселе қайта қаралуда. Оның аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген негізгі сұрақтар туындап отыр.

Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанда жаһандық проблемаларға жауап бере алатын деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу – аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі. Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасында да өзіндік ерекшеліктер де бар. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды алған білімін кез келген жағдайға қалай бейімдеп, болашақта кездесуі мүмкін күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды саналады.

Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейді. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білім мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшелігіне тоқталар болсақ, олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр.

Осынау өзекті сұрақ шеңберінде мектебімізде «Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» деген тақырыпта коуч өтті. Жұмыс барысында үш топқа бөлініп, белсенді әдіс-тәсілдерді анықтай отырып, қай әдіс-тәсіл тиімді екенін анықтап, оны сабақта пайдалану ұсынылды. Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған топтарға қайтадан келіп, олардың оқу мақсатына жетулеріне тағы бір мүмкіндік беруіне болады. Бұл жағдайда білім алушыларға жаңа идеяны тұжырымдауды, екі (немесе одан да көп) идеяны салыстырып, бағалауды, топтық талқылаулар негізінде қорытынды жасауды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану – белсенді оқудың қызықты тәсілдеріне жатады. Бұл оқушының уәжін (мотивациясын) арттыра отырып, зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады. Оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өзіндік үлесін қосуына септігін тигізеді әрі сыныптан тыс білім алуға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі. Ал модельдеу тәсілі іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып, мысал ұсыну, яғни оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі және үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.

Саралау тәсілі әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандырып, жекелей түсінік пен дағдыларын тереңдейді. Сонымен қатар өзіне деген сенімі мен оқуға деген құлшынысы артады, оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады. Саралауда барлық оқушылар үшін тиімді, барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады. Оқушының білімге деген ынтасына мұғалім мен ата-ана, қоршаған орта әсер етеді. Мұғалім белсенді әрекет ете отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ғылым негіздерін игеруге, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерліктерін қалыптастырып, оқушының рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдіріп, еңбек және кәсіби дағдыларын дамытуда аянбай еңбек ету қажет.


Әсемгүл ГАБЖАМАЛОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қамысты ауданы,
Қарабатыр ауылы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!