Ортақ мақсат: мәнді балалық шақ

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
672

Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Осы тұрғыда №14 балабақшада арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Балабақшадағы жаңа технологиялардың бала өміріне маңызы»: осындай тақырып аясында бас қосқан мектепке дейінгі білім беру мамандары мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын қарастырды. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі білім беруде жаңа технология түрлері өте көп. Соның ішінде тіл дамытуға біз аса назар аударамыз. Кез келген оқу қызметі баланың сөйлеуі мен ойлау нәтижесіне сәйкес. Балабақшада баламен педагог бірлесіп жұмыс жүргізеді. Яғни, баланы тәрбиешімен бірге ізденуге және проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту – негізгі мақсаттың бірі. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай жағдай туғызу аса маңызды. Бала жаңа ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді,. Ол оқытуды өмірмен және еңбекпен байланыстырады.

Дөңгелек үстел аясында тәрбиешілер өздерінің оқу қызметінде қолданатын технологияларымен бөлісіп, мысалдар келтірді. Практикалық тұрғыда ойындар да өткізілді. Соның ішінде ТРИЗ технологиясына тоқталар болсақ, ТРИЗ-дің мақсаты – балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу. ТРИЗшылардың ұраны – «Барлығын айтуға болады!».

Келесі кезекте – мнемотехника. Ол тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер: көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, суреттер, буындық кестелер, тірек-сызба, үлгілер, т.б. Балабақшадағы тағы бір ерекше технология – «Луллий шеңбері» деп аталады. Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрдайым өзекті болғандықтан, бұнда балалар сөздік қорын байытады. Дыбыс, сөз, буын, сөйлемнің құрылымын үйренеді.

Жаңа технологияларды қолдана келе оқу қызметі және педагогикалық процессте топтың жұмысын жоспарлап жүргіземіз, сондықтан өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметі және педагогикалық процесс мазмұнды, жүйелі, қызықты, балалардың жасына сай құрастырылады. Жалпы айтқанда, балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу – әрбір тәрбиешінің алға қойған міндеті деп білемін.


Альбина ЕСИНАЛИНОВА,
№14 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.