Педагог-психологтар тәжірибесі

Выпуск - №44 (541)   :   12.11.2022
552

Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебінде білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына «Оқушылардың психологиялық жай-күйіне диагностика жүргізу сапасын жақсарту және бастапқы консультациядағы жұмыстың тиімді әдістері» атты семинар-практикум өтті.

«Психологиялық диагностика» термині ХХ ғасырдың 20-жылдарында пайда болып, алғашқыда медициналық ғылымда, артынша индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады. Семинар психология ғылымы оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен мәнін терең түсінуге, оқушылардың ақыл-ой қызметі мен мінез-құлқын басқара отырып, олардың дамуын жетілдіруге, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Психологиялық негізі мықты, өзіне нық сеніммен болашаққа қадам баса алатын жеке тұлғалар мен қарым-қатынастағы жоғары психологиялық ортаны қалыптастыру көзделді. Семинар екі бөлімнен тұрды: теориялық және тәжірибе алмасу. «Оқушылардың психологиялық жай-күйіне диагностика жүргізу сапасын жақсарту және бастапқы консультациядағы жұмыстың тиімді әдістері» тақырыбында Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебінің педагог-психологы Ш.Тулеубаева іс-тәжірибесімен бөлісті. «Оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді дамыту» тренингін Тасты ЖББ мектебінің педагог-психологы А.Жаңабаева өткізсе, «Психолог және ата-ана» тренингін Ұ.Әбдіғали көрсетті.

Келесі кезекте «Оқушылардың сақтау қабілетін дамыту» практикалық жұмысын Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебінің педагог-психологы Ш.Тулеубаева көрсетті. «Оқушылардың жай-күйін сипаттайтын қорқыныш сезімінен арылту» тақырыбындағы практикалық жұмысты Қарынсалды негізгі орта мектебінің педагог-психологы А.Омарова көрсетті. Семинар қойылған мақсатына жетіп, әріптестер ой бөлісіп, кері байланыс жасады.


Арайлым ЖАҢАБАЕВА,
Тасты ЖББ мектебінің
педагог-психологы,
Амангелді ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.