Тамыз айының 5-7 аралығында Шымкент каласында қосымша білім беру ұйымдарының республикалық форумы өтті. Атылмыш форум біздің Қостанай қаласында арнайы тақырыпта қосымша білім беру секциясымен жалғасын тапты.

Самұрат Ерікұлы өз туындысын таныстыруда
Тақырыбы: «Қостанай облысының білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық қызметтер жұмысының компоненттерін дамыту және күшейту». Мектеп кітапханашысы Ғалия Шененова «Балалар және театр» тақырыбы бойынша шебер сынып өткізді.
Оқушыларды кітапханаға тарту, әдебиетке қызықтыру мақсатында кітапхана оқырмандарымен оқылған ертегілерден қойылымдар экраннан көрсете отырып, қатысушы әріптестерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, тәжірибесімен бөлісті. Бейнелеу өнері бөлімінің мұғалімі Самұрат Ерікұлы қатысушы әріптестерге «Дудлиниг» әдісін таныстырып, қағаз қиындыларын таратып, қағаз қиындыларынан Ахмет Байтұрсынұлының суретін бейнелеп, аудиторияны шеберлігімен тәнті етті. Бұл мектебімізге де, ауданымыз үшін де үлкен жетістік.

Өткен оқу жылында көркемөнерпаздар театры және хореографиялық ұжымдары арасында «Армандастар» балалар шығармашылығының облыстық фестиваль-байқауында мектебіміздің «Еркеназ» би ұжымы мен «Сиқырлы театр» ұжымдары қос бірдей Бас жүлдені жеңіп алды. Жыл соңында қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстары қорытындыланып, ең үздік 10 мектеп анықталды.
Біздің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі сол үздік ондықтың қатарынан табылып, форум аясында директорымыз Жанар Шалабай Қостанай облысының өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының директоры Елена Петренконың мадақтамасымен марапатталды.
Гүлмирам ДОСМАҒАНБЕТОВА,
Болат Хамзин атындағы өнер
мектебінің бейнелеу өнері
бөлімінің мұғалімі,
Жангелдин ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.