Қостанай қаласындағы №27 ЖББ мектебі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар өтті.

«Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек», – деген екен Міржақып Дулатұлы. «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту үдерістеріне жаңа тәсілдер» тақырыбындағы семинар мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, сабақ барысында жаңа әдістер мен технологияларды қолдануды көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні мектепалды даярлық сыныптары тәрбиешілерінің алдында оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру міндеті қойылған. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңа педагогикалық технологияның басты міндеті – іс-әрекеттер арқылы баланың ойлау дағдылары мен белсенділігін арттыру. Осындай тақырыптағы семинарлар мұғалімдер, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері үшін өзара ақпарат алмасу алаңы ғана емес, мүмкіндіктер мен практикалық жұмыстардың жақсы нәтижесі деп білемін.
Боранкүл ФАЗЫЛАХМЕТОВА,
№27 ЖББ мектебінің
мектепалды даярлық
сынып жетекшісі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.