Жақында Амангелді ауданына қарасты Құмкешу ауылындағы Құмкешу ЖББ мектебінде «Тәуекел тобындағы білім алушыларымен жүргізілетін психолог жұмысы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

Психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін басқалардан төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушылар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғатыны рас. Сондықтан да «Тәуекел» тобындағы балалармен атқарылатын түзету-дамыту тақырыбындағы жұмыстардың маңызы зор. Аталмыш семинарға Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің педагог-психолог маманы ретінде мен де қатыстым. Теория жүзінде «Тәуекел тобындағы білім алушыларымен жүргізілетін психолог жұмысы» тақырыбында мәлімет беріп, өз сөзімде сынып жетекшілермен бірлесе отырып, сыныптағы білім алушыларды төрт топқа бөліп жұмыс істеу керек екенін айтып өттім.
Тәуекел дегеніміз – алдын ала қарастыратын болжам немесе жоспарланған нәтижемен салыстырғанда зиян шегу. «Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс істеу барысында әрбір баланың психо-физиологиялық даму бағыттарын ескеру қажет. Баланың отбасы жағдайының толық емес екендігі, ата-ана тарапынан балаға психологиялық қолдаудың болмауы, мұғалім тарапынан оқушыға жасалған қысым және елемеушілік әркеттердің өзі баланың санасындағы өзгерістер мен қиындықтарға әкеледі. Сондықтан «тәуекел топтағы» балалармен жұмыс істеу барысында оқушының дамуына да мән берген жөн.
Семинарда негізгі көңіл аударатын басты объект – бала өмірі мен оның әлеуметтік мәселелері екені баса айтылды. Семинардың келесі бөлімінде Ә.Боранбаев атындағы ЖББ мектебінің педагог-психологы Шамшия Магзумова «Қарым-қатынас жарасты жаттығулары», ал Құмкешу ЖББ мектебінің педагог-психологы Марал Уайсова «Тәуекел тобындағы оқушылармен түзету-дамыту жаттығулары» тақырыбында тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. Тәжірибе алмасу басқосуы осылайша мақсатына жетті. Ойын жаттығулар барысында әріптестер бір-біріне жағымды көңіл-күй сыйлап, соңында кері байланыс жасап, серинардың негізгі ойын түйіндеді.
Айгүл ЕСЕНАМАНОВА,
Амантоғай ЖББМ
педагог-психологы,
Амангелді ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.