Рыспай негізгі орта мектебінде облыстық деңгейдегі әдістемелік семинар ұйымдастырылды. «Әдістемелік десант» аясындағы жиын «Тәжірибеге бағытталған әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету: сабақты талдау, кейстерді талқылау, тәжірибе алмасу» тақырыбына арналды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибеге бағытталған оқытуды сабақ үдерісінде тиімді жүзеге асыру және мұғалімдер арасында нәтижелі тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыруды көздеді. Мектептің «Даму» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған семинар тәжірибеге негізделген форматта өткізілді. Бағдарламаға сәйкес бес ашық сабақ болды. Оның төртеуін қонақ мұғалімдер, біреуін Рыспай мектебінің педагогі жүргізді.
Ашық сабақтар барысында заманауи оқыту әдістері мен белсенді тәсілдер кеңінен қолданылып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар да ұсынылды. Сабақ барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана білді. Сондай-ақ аталмыш семинар аясында педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған екі шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Онда сабақ құрылымын тиімді жоспарлау, сабаққа кәсіби талдау жасау, педагогикалық кейстерді талқылау және оқу үдерісінде кездесетін нақты жағдаяттарды шешу жолдары қарастырылды.
Іс-шараға облыстық білім басқармасының әдіскерлері, білім бөлімінің мамандары және аудан мектептерінің мұғалімдері белсенді қатысты. Ашық сабақтарға кәсіби талдау жасап, әдістемелік ұсыныстарымен бөліскен мамандар пікір алмасу барысында тәжірибеге бағытталған оқытудың тиімділігі нақты мысалдар арқылы дәлелденді. Артынша іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңызы атап өтіліп, мұндай әдістемелік кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беретіні айтылды. Осылайша облыстық семинар мазмұнды, тәжірибелік мәні жоғары әрі нәтижелі іс-шара ретінде мақсатына толық жетті.
Зухра АБДИКОВА,
Рыспай негізгі орта
мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.